4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

25 ауыл қараңғылық құшағында қалды

Түркістан облысында ақтүтек боран басылғанымен, әлі жарықсыз отырған бірқатар елді мекендер бар. Желдің күшті болғаны сонша, 25 ауыл электр қуатынсыз қалған. «Шолаққорған-Ащысай» тас жолы ашылды. Дегенмен Түлкібас ауданының таулы өлкелеріндегі жолдары әлі жабық. Ол жақта құтқарушылар қарайлап жүр.

Ауа райының күрт өзгеруі облыс тұрғындарының дегбірін қашырды. Атап айтқанда, аудандарда жарық сөніп, жолға шыққандар қар құрсауында қалып қойды. Абырой болғанда, ондай көліктерді сақшылар байқап қалған. Сосын полицейлер көліктен түсе сала, дереу көмекке ұмтылған.

Марат, көлік жүргізушісі:

«Жолда қалып қойған едім. Полиция қызметкерлері көмектесті. Рақмет. Алла разы болсын! Осындай жанашыр, қамқор полицейлер көбейе берсін!»

Бұдан бөлек, Шақпақ асуында қалған 30-ға тарта жүк көлігінің жүргізушілері мен жолаушыларына да тиісті көмек көрсетіліп, олар қайта жолға шыққан. Десе де қатты боранның салдарынан әлі де Түркістан қаласы мен Бәйдібек, Созақ, Сайрам және Төлеби аудандарындағы 25 елдімекенде 5 мыңға жуық абонент жарықсыз отыр. Қазір мамандар үзілген электр желілерін қалпына келтіріп жатыр екен. Айта кетейік электр желілерін жөндеуге жарық жарық беруші мекеме 10 бригада, 11 техника, 43 қызметкерін жұмылдырған.

Ролан Ибрагимов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарамсының басшысы:

«Жалпы ағымдағы жылы 125 техника 354 адам жұмылдырылған. Көк тайғақтан сақтануға 5292 текше құм, 431 тонна тұз бөлінген».

Бүгін Түркістан облысында барлық бағыттағы жол ашылды. Көлік қатынасына ешқандай шектеу жоқ. Алайда ауа райын болжайтын мекеме мамандар қуануға әлі ерте, өңірде күн тағы  күрт суытуы мүмкін деп отыр. Сондықтан мамандар жүргізушілер мен жолаушыларға жолға шыққанда абай болуды ескертеді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *