Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Аймақ

Тұтас ауылды үрей құшағынан кім құтқарады?

15 ноября, 2021
in Аймақ
0
0
SHARES
117
VIEWS

Жүйнек аулына қарасты Шыпан елді мекенінің тұрғындары сабаққа жіберген балалары үйге оралғанша имандарын үйіріп отырады.  Өйткені мектеп тура үлкен жолдың бойында орналасқан, көліктер толассыз әрі ызғып өтеді.  Жол апаты жиі болады. Осы жақында ғана тағы бір мектеп оқушысын көлік қағып кеткелі, жұртшылықта тіпті тағат қалмаған.  Жоғарыдағыларға мектеп пен әлгі жол арасына кедергі қойып беруді айтудан шаршаған олар енді не істерін, қайда барарын білмей дал. Тақырыпты оқиға орнынан тілшіміз Жандос Тастемір тарқатады.  

Бір емес, тұтас төрт адамның өмірін жалмаған апат тап осы жерде болған. Тіпті сондағы көліктердің сынығы жол жиегінде әлі күнге дейін жатыр. Бұл –Түркістан-Атайбай бағытындағы жол. Көліктер ызғып жатыр.

Дінмұхаммед Бегинов, куәгер:

«Соғысқаннан кейін барып шықтым мен. Матиз бен опельдің біреуі мына жерде, екіншісі ана жерде жатты. Жан-жағын қан жуып кеткен. Кесілген қолдар әлі күнге көз алдымда».

Бір қызығы дәл жанында мектеп тұр. Жол бойында ол туралы 7-8 белгі болғанымен, оны елеп жатқан көлік тізгіндеуші  жоқ.

Жергілікті атқамінерлерден қайыр болмаған соң,  тұрғындар  жасанды жол белгісін өздері жасап алған. Содан бері сәл де болса жүргізушілер көлік жылдамдығын баяулататын болыпты. Алайда, ондайлар өте аз. Көліктер ызғынан қорыққан бастауыш сынып оқушыларының ата-анасы балаларын өздері әкеліп-әкетеді. Соның бірі – ауылдың байырғы тұрғыны Әбдіжаппар қарияның немересі. Бүгінде 8 сыныпта оқитын ол сабақтан қас қарайғанда бір-ақ шағады. Сондықтан жолдан өтерде қорқатынын айтады ол.

Әбдіжаппар Абдуахапов, қамқоршылық кеңесінің мүшесі:

«Көлікке отырса, есін жоғалтып алатындар көп қой. Құйындай ызғып өте шығады тура. Қала берді, жүргізуші куәлігін сатып алғандар да бар. Міне солар бұл жерден өтерде, тіпті аялдамайды да.  Жалпы қандай да бір шешім қабылдау үшін міндетті түрде адам өлуі керек пе? Жоғарыдағыларға өтініш. Осы балалардың болашағы үшін, өтініш сіздерден, мәселені шешіп беріңіздерші».

Шыпан мектебінде 600-тен аса бала білім алады. Оның жартысына жуығы жолдың қарсы тарапында тұрады. Сондықтан баласы үшін алаңдамайтын ата-ана аз. Себебі кей жүргізушілер бала тұрмақ, кезекші мектеп қызметкерлерінің өзіне пысқырып та қарамайтын көрінеді.

Әнуар Жұмаділлаев, Шыпан жалпы орта мектебінің  директоры:

 «Жаяу өткіншілер жолақшасы да, муляж да бар. Бірақ бәрібір оқушылардың жағдайын уайымдап отырамыз. Өйткені көліктердің көбі жүйткіп өтеді. Оқушылар келе жатқанда, түсте қайтатын уақытта ерікті мұғалімдерден кезекші қоямыз жалаушалатып. Бәрібір де техниканың аты – техника. Ата-ана да, біз де уайымдап отырамыз».

Тұрғындар биліктен бір ғана нәрсе – жол кедергісі мен бейнебақылау камерасын орнатуды талап етеді. Ал, аудан басшысы Ғани Рысбек бұл мәселенің өз  құзырына жатпайтынын айтып, керісінше  тұрғындардың өзін кінәлай кетті.

Ғани Рысбеков, Сауран ауданының әкімі:

«Ең үлкен мәселе камера қою болып тұр. Бұл мәселе жөнінде басқармалармен жұмыс істеп жатырмыз. Мәселе – біздің назарымызда».

 

 

Tags: жол апатыЖүйнек ауылымектепСауран ауданыШыпан елді мекені
Алдыңғы жаңалық

139 нысанға айыппұл салынды

Келесі жаңалық

400-ге жуық отбасы Солтүстікке қоныс аударды

Ұқсас жаңалықтар

ӨНЕРКӘСІП АЛАҢЫНДА ЖИҺАЗ ЦЕХЫ МЕН ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫ АШЫЛАДЫ
Аймақ

ӨНЕРКӘСІП АЛАҢЫНДА ЖИҺАЗ ЦЕХЫ МЕН ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫ АШЫЛАДЫ

18 ноября, 2025
Аймақ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ҮШ АУЫЛҒА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

30 мая, 2025
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ МЕН ҚХР КОМПАНИЯЛАРЫ АРАСЫНДА БІРҚАТАР СЕРІКТЕСТІК КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ
Аймақ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ МЕН ҚХР КОМПАНИЯЛАРЫ АРАСЫНДА БІРҚАТАР СЕРІКТЕСТІК КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

30 мая, 2025
ТҮРКІСТАННАН АҚМОЛАҒА: ЖӘРМЕҢКЕГЕ 200 ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ ТИЕЛГЕН КЕРУЕН ЖОЛҒА ШЫҚТЫ
Аймақ

ТҮРКІСТАННАН АҚМОЛАҒА: ЖӘРМЕҢКЕГЕ 200 ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ ТИЕЛГЕН КЕРУЕН ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

30 мая, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық

400-ге жуық отбасы Солтүстікке қоныс аударды

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz