4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Әлеумет

10 отбасына көмір түсіріп берді

«Nur Otan» партиясының «30 игі іс» акциясы мен «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында Сайрам аудандық мәслихатының депутаттары, «Nur Otan» фракциясының мүшелері қайырымдылық жасады. Олар өз қаражатынан әлеуметтік аз қамтылған 10 отбасына қысқы отын жағынан көмектесті.

Атап айтқанда, Мұхиддин Сыддықов Қарабұлақ ауылындағы бес отбасына, Қадырбек Қуатбеков Қарасу ауылындағы 5 отбасына көмір жеткізіп берді. Депутаттар орталық жылумен қамтамасыз етілмеген жеке үй тұрғындары, оның ішінде жалғызбасты қарттар мен әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 30 тоннаға жуық көмір жеткізіп берді. Бұған балаша қуанған ауыл тұрғындары алғыс жаудырды.

Игі істердің бірқатары «Nur Otan»  партиясының Сайрам аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне түскен өтініштер негізінде жүзеге асырылды. Мұқтаж тұрғындарға көмектесуді өздеріне азаматтық борыш санайтын Сайрам аудандық мәслихат депутаттары мен партияның белсенді мүшелері қамқорлық жасауды дәстүрге айналдырған.

Облыс әкімі, партияның Түркістан облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев қоғамдық қабылдауды жиілетіп, елдің өтініш-тілегін тыңдауды тапсырған болатын. Өңірде дәл қазір осы бағытта  қызу жұмыс атқарылып жатыр. Соның ішінде Сайрам ауданында жыл басынан бері барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары 182 жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың 961 өтінішін қараған. Қоғамдық қабылдауға келген 548 азаматтың мәселесі оңтайлы шешілсе, 415 азаматқа заң аясында кеңес берілген.

 

“Nur Otan” партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *