4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Әлеумет

432, 4 мың шаршы метр тұрғын үй берілді  

Түркістан облысында жыл басынан бері 432, 4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Үсіпәлиев мәлімдеді.

Айтуынша, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында, бюджет қаражаты есебінен облыста 2021 жылы 118 тұрғын үйдің  (6 850 пәтер, 442 мың ш.м.) құрылысы жүргізілуде. Ал Түркістан қаласы бойынша 98 тұрғын үй (6 166 пәтер, 399 мың ш.м).

«Аталған 118 тұрғын үйдің 2026-і – халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарындағы азаматтарға арналған арендалық пәтерлер болса, қалған 4 824-і – әлеуметтік кредиттік пәтерлер. Сондай-ақ, Түркістан қаласында 20 қабатты 2 тұрғын үй және 4-6-8 қабатты каскадты үйлер бой көтеруде. Мұндай жобалар бұрын-соңды облыс аумағында болмаған», – деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, Түркістан қаласын жасыл желекке айналдыру және климатты жақсарту мақсатында «Кеңсай-Қосқорған» су қоймасы, «Жеті көл» көлдер жүйесі, жасанды көлдер, ескек есу каналы және ирригациялық жүйелердің құрылысы жүргізілуде. Бұдан өзге, қала аумағында теннис орталығы, мұз сарайы, ат-спорт кешені, Ә. Нұрмаханов атындағы спорт кешені, демалыс орындары және инженерлік инфрақұрылымдардың құрылысы жүріп жатыр.

 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *