Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Әлемде теңдесі жоқ жерасты мешіті салынбақ

10 ноября, 2021
in Басты жаңалықтар, Өзекті мәселе
0
0
SHARES
76
VIEWS

рухани орталық 2022 жылы ел игілігіне беріледі

Түркістанда «Қылует» рухани орталығының іргетасы қаланды. Сәулеті мен маңызы ерекше нысанның ашылу салтанатына зиялы қауым өкілдері, дін өкілдері, кәсіпкерлер мен облыстық мәслихат депутаттары қатысты. Нысанның іргетасын қалау рәсіміне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Өтпенов қатысып, жұртшылықты сауапты істің басталуымен құттықтады. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев игі бастаманың маңызына тоқталды.

«Бүгін іргетасы қаланған орталық ашылған соң облысымыздың руханиятына оң серпін береді деп ойлаймын. Бұл орталық кәсіпкерлердің және жалпы халықтың қаржылай қолдауымен салынады.  Арнайы есепшот жарияланып, оған кез келген адам үлес қоса алады. Менің ойымша, Түркістандағы мешітті салуда менің де кішкентай үлесім бар деген сезім азаматтарға жігер береді. Игі бастамаға қолдау білдіріп жатқан азаматтарға алғысымыз мол» – деді облыс әкімі.

Жалпы мешіттің құрылысына еліміз бен түркі әлеміне танымал кәсіпкерлер демеушілік жасайды. Олардың арасында «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-ның басқарма төрағасы Хайрулла Қожабаев пен «Ныш — Ер» ЖШС-нің директоры Ерболат Төрежанов және өзге де азаматтар бар. Жобаны жүзеге асыру үшін «Хилует» қайырымдылық қоры ашылған. Жиында «BBR Yapi» ЖШС құрылтайшысы Йылмаз Бабур, тарих ғылымдарының кандидаты, археолог Марат Тұяқбаев сөз сөйледі. Жоба авторы Шоқан Матайбеков рухани орталықтың жобасымен таныстырды. Рухани орталық құрылысының басталу күні жазылған мемориалдық тастың жанындағы салтанатты жиында бас мүфти ақ батасын беріп, игі іске сәттілік тіледі.

0,86 гектар аумақта орналасқан рухани орталықтың көлемі –  2300 шаршы метр. Құрылыс жұмыстары биыл қазан айында басталған. 2022 жылы ел игілігіне беріледі. Жерасты мешітінің қасынан бой көтеретін медресенің аумағы – 1282,8 шаршы метр. Қарилар мен болашақ дін ғұламаларын даярлайтын медресе де 2022 жылы тапсырылады.

Бұл мешіттің тарихы тереңде жатыр. Түркістанда XIX ғасырдың екінші жартысында (1864-1865 жж.) салынған «Қылует» мешіті болған. Мешіт ғимараты 1960 жылы бұзылып, орнына бір күмбезді жаңа мешіт бой көтерген. Кейін келушілердің көбеюіне байланысты 1980 жылы толық сүріліп, қайта салынған. 2020 жылы мешіт жарамсыз деп танылып, бұзылған. Қазіргі таңда мешіттің Түркістан қаласы үшін тарихи маңыздылығы ескеріле отырып, 500 адамға лайықталып, қайта салу жұмысы басталды. Сондай-ақ мешіт аумағында заманауи оқу орны – медресе, яғни, қарилар дайындау орталығы да бой көтермек.

Tags: Бас мүфтижерасты мешітіНаурызбай қажыҚожа Ахмет ЯсауиҚылует
Алдыңғы жаңалық

Сауытбек Әбдірахманов – 70 жаста

Келесі жаңалық

Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы сайланды

Ұқсас жаңалықтар

Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық

Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы сайланды

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

saqnews.kz
11 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz