Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Қоғам

Ресейлік көліктер көшеге шыға алмай қалды

9 ноября, 2021
in Қоғам
0
0
SHARES
48
VIEWS

2-3 күннен бері 465 автомобиль айып тұрағына қойылған

Өйткені елде жаппай тексеру басталды. Салдарынан бір ғана Түркістан облысының өзінде 2-3 күннен бері 465 автомобиль айып тұрағына жабылған. Ай мен күннің аманында астындағы тұлпарынан  айрылған азаматтар ашуға булығып отыр. Толығырақ Алтынбек Әмит тарқатады.

https://www.youtube.com/watch?v=sSCTCEYQ5qA

Әлішер Төлегеновтің көлігін күні кеше ғана ешқандай жол ережесін бұзбаса да, тәртіп сақшылары айыптұраққа алып кеткен. Айтуынша көлігі Ресей елінің тізімінен шығарылған. Алайда ол туралы хабарсыз болған көрінеді. Мырзахметті ашындырған сол, есептен шығарылғаны туралы полиция қызметкерлерінің алдын ала ескертпегендігі.

Әлішер Төлегенов,  жүргізуші:

«Ресейлік көліктер біздікілерден қарағанда, 300-400 мың теңге арзан. Егер ол көліктердің жүруіне тыйым салатын болса, отандық көліктердің бағасын арзандатсын. Әйтпесе, халықтың көзінен жас емес, қан ағады. Соны ескеріңіздер».

Ал полицейлер ереженің қолданысқа енгенін айтып, дабыл қағып жүргенімізге жылдан асты дейді. Айтуларынша, елге сенімхат арқылы кіргізілген көліктер Қазақстан аумағында бір жыл еркін жүре алады. Содан соң мерзімі аяқталғаннан кейін 30 күн ішінде елден шығару немесе отандық есепке тіркеу керек. Ал кешелі бері айыптұраққа жөнелтілген көліктер бұл ережені белден басқан.

Алмас Тастанбеков, облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы:

«Қазақстанда рәсімделген қолданыстағы АҚЖ МС сақтандыру полисі. РФ аумағында өткен техникалық байқаудың қолданыстағы куәлігі. Бұл үшін жыл сайын Ресейге бару қажет болады. Заңға сәйкес халықаралық қозғалысқа қатысуға шыққан жылына қарамастан, тек жыл сайынғы техникалық тексерістен өткен көліктер ғана жіберіледі».

Елімізде Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігінде тіркелмеген 88 мың автокөлік бар екен. Яғни, олар белгіленген тәртіпте тіркелмеген немесе сатылған. Оның ішінде 12 мыңнан астамы Түркістан облысында жүр.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:

«Елімізде жүрген 88 мыңға жуық ресей автокөліктің техникалық құжаты жоқ. Теміртұлпарлардың жарамдылығы туралы да ешқандай министрлік білмейді. Сондықтан оқыс оқиғалардың алдын-алу мақсатында жүргізушілерге түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Әрбір көлік иесі ресейлік немесе қазақстандық техникалық байқаудан өтуі тиіс. Өйтпеген жағдайда, олардың қозғалысына тыйым салынады».

Түйін: Алдағы уақытта ресейлік көліктердің тағдыры қалай болары белгісіз. Бейресми ақпараттарға сенсек, Қазақстан сатып алуға оқталып тұрған Ресей елінің «Сбер» платформасы іске қосылса, бұл мәселенің барлығы шешілуі мүмкін. Сонда ғана көрші елдің нөмерін таққан көліктер көшелерде емін-еркін жүре алады.

Tags: автокөлікайып тұрағыбақылауРесей
Алдыңғы жаңалық

Індеттің төртінші толқыны басталды

Келесі жаңалық

Сауытбек Әбдірахманов – 70 жаста

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛТТЫҚ РУХ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛТТЫҚ РУХ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

12 ноября, 2025
ТҮРКІСТАНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ӘДЕП МӘСЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ӘДЕП МӘСЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

7 ноября, 2025
КИБЕР АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

КИБЕР АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

3 ноября, 2025
ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛДЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ ТУРАЛЫ ЖИЫН ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛДЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ ТУРАЛЫ ЖИЫН ӨТТІ

7 октября, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық

Сауытбек Әбдірахманов – 70 жаста

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz