4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Uncategorized

Ет асу мен палау басудан жарысты

Облыстың 10 ауданынан келген аспаздар Түркістан төрінде ет асып, палау басудан сайысқа түсті. Оқиға орнынан Алия Мұқтарқызы баяндайы.

Самарқан, Бұқара, Ташкент палауы мен қазақтың ұлттық асы сынға түскен сайыста бәрінен бұрын әділқазыларға қиын болды. Дегенмен «Сайыстың аты – сайыс» деген олар ет асудан – Кентау аспаздарына, палау басудан сайрамдықтарға басымдық берді.

Мадияр Оразалиев, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары:

«Келген қонақтарды жақсы қарсы алып,  таңдай қақтыруға барлық күш-жігерімізді саламыз».

Тамақ әзірлеу ғана емес, фестивальде әр аудан қонақты күтіп-баптау мен киіз үй жабдықтаудан да сынға түсті. Сол бойынша киіз үйдің көркемдігі жағынан Түлкібас ауданы бәрінен басып озса, екінші орынды Қазығұрт пен Келес ауданы алды.

Сондай-ақ, әр өлкенің өнерпаздары өнер жарыстырып, ең үздік ұлттық киім үлгілерінің көрмесі де өтті.

Шералы Баймұратов, Абай ауданының тұрғыны:

«Абай ауданынан келіп тұрмыз. Бірілігім жарасып, өзіміздің ұлттық дәстүрімізді көрсетпек ниетте ұлттық киімдерімізді ала келдік. Қазақ еліне, Елбасына рахмет. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын осылай тойлап жатырмыз»

Айта кетейік, бұл іс-шара Тәуелсіздіктің төл құрдасы «Жануби Қозағистон» газетінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысқандардың ешқайсысы киелі шаһардан құр қол қайтқан жоқ.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *