4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

Шатырдағы таңғажайып музей

Түркістандық полицей ерекше істі жанына серік етіп жүр. Ол өз үйінің шатырын шағын музейге айналдырған. Коллекция қорында кеңестік заманнан қалған көне заттардың түр-түрі бар. Сайрамдық пагонды азамат болашақта мұражайын кеңейтіп, құжаттандыруды көздейді.  

Сухраб Ирназаров – ширек ғасырлық ғұмырын полицияға арнаған жан. Бала күнінен ескі жәдігерлерді жинаумен әуестенген ол 2014 жылы бұл ісін тиянақтай түскен. Қазірде өзі жасақтаған музейде мыңға жуық ескі монеталар мен өткен ғасырдағы тұрмыстық техника, телефондар мен тігін машиналары бар. Сондай-ақ, фотоаппараттар мен музыкалық аспаптар, радионың 250-ге жуық түрін де көруге болады.

Сухраб Ирназаров, аудан тұрғыны:

– Кейбір заттар болады. Ұнамай қалса, шатырға тастап отырдым. Содан 2-3 жыл өткеннен кейін шатыр толып кетті. Қайтадан жинап полкаларға қойып шыққанмын. Кейбір коллекция мен тақырыбыма қатысы жоқ-ау дегендерін басқа біреумен ауыстырамын.

Мұнда кірсеңіз, Кеңес үкіметі заманына енгендей күй кешесіз. Кейбір келушілер құнды жәдігерлерді сатып алуға да тырасады екен. Әйткенмен, Сухраб Ирназаров ондағы ешбір затты сатуға қимайды.

Сухраб Ирназаров, аудан тұрғыны:

– Негізі осындаймен айналысатынымды онша ешкімге айтқаным жоқ. Әріптестерімнің кейбірі ғана көрген. Онда да бір-екеуі ғана. Былай өзім ашық жария етпегенмін.

Сухраб Ирназаров алдағы уақытта музей қорын толықтыра түспек ниетте. Содан соң ғана құжаттарын рәсімдеп, жалпақ жұртқа есігін айқара ашпақ.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *