Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Әлеумет

Сау адамды мүгедек қылу 4 миллион теңге ме?..

5 ноября, 2021
in Әлеумет
0
0
SHARES
80
VIEWS

құрылысшы мердігерден әлі өтемақысын ала алмай жүр

Өндірістік жарақат алған түркістандық мердігерден әлі өтемақысын ала алмай жүр.  Осыдан 3 ай бұрын қаладағы құрылыс алаңдарында бірінде  Бақыт Сәрсенұлының үстіне цемент қалып құлап, аяғын басып қалған. Бүгінде ол жұмысқа жарамсыз. Ал мердігер мекеме жауапкершіліктен жалтарып отыр. Көпбалалы отбасы құрылыс компаниясынан емдік шығынды толық өтеуін талап етіп, біздің арнаға жүгінді.

Төрт метр биіктіктен құлаған бетон оңай ма, Бақыттың аяғы 3 жерден сынған. Әттеген-айы, мердігер мекемемен арада келісімшарт жоқ. Соны пайдаланған олар шу шығармай ауруханаға жеткізіп, операция жасатқан.  Тіпті, құзырлы органдарға да хабар бермеген. Ең сорақысы,  мердігер мен дәрігер ауыз жаласқан болу керек, «жарақатты өз үйімде алдым» деп Бақытқа қолхат жаздырып алған.

Бақыт Сәрсенұлы, жәбірленуші:

«Дәрігер келіп, бұл жағдай үйде болды деп жазып беріңіз дегені есімде. Қалай жазғаным да білмеймін. Құрылыс басшысы мен дәрігерлер келіскен сияқты. Бала шаға бар, үйде жатып қалдым. Дәрі дәрмекке болсын көмек берсе деймін»

Бақыттың келіншегі Наргизаның әділдік іздеп бармаған жері жоқ. Облыстық сотқа дейін арыз да жазған. Алайда компания басшылары жан-жақтан Наргизаны қыспаққа алып, жазған арызын қайтартып алған. Сөйткен де, олардың отбасына 4 млн теңге төлеуге ауызша уәде еткен. Одан бар болғаны 300 мың теңгесін төлеп, қалған сумманы бермей қашып жүр.

Наргиза Исаметова, Б. Сәрсенұлының жұбайы:

«Отау стройға» және аурухананың атына арыз жаздым. Қыркүйек айында олар үйге келіп, маған 250 мың теңге берді де, «Отау стройдың» атына кір келмесінші» деп айтып кетті. Содан кейін 4 млн теңгені бере алмайтындарын айтты»

Құрылыс компаниясы өкілдері Бақытты келісімшартсыз жұмысқа алған бригадирді жұмыстан шығарамыз деп уәде беріпті. Оқиға болған құрылыстың басына біз де келдік. Алайда, Серік есімді құрылыс бригадирі әлі осында екен. Біздің камерамызға жармасқан одан мынадай жауап алдық.

«Бүгінде Бақытқа төленетін өндіріс жарақаты бойынша облыстық Еңбек инспекциясында акт түзілген. Оның шешімі алдағы апта белгілі болады».

Ал, асыраушысы мүгедек болып қалған Наргиза әлі де әділдіктен үмітті.

Tags: Еңбек туралы Кодексмердігер мекемемүгедекөндірістік жарақат
Алдыңғы жаңалық

«Аңсаған сәби» жас шектеуі 49-ға дейін ұзарды

Келесі жаңалық

Адамзат Жер шарының «шашын ағартып» тынды!..

Ұқсас жаңалықтар

ЕЛІМІЗДЕ ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ НАУҚАН БАСТАЛДЫ
Басты жаңалықтар

ЕЛІМІЗДЕ ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ НАУҚАН БАСТАЛДЫ

26 ноября, 2025
ТҮРКІСТАН: «ҮЛГІЛІ АУЫЛ» БАЙҚАУЫНЫҢ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «ҮЛГІЛІ АУЫЛ» БАЙҚАУЫНЫҢ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

25 ноября, 2025
Сайрам ауданында жүк көліктерінің салмағын өлшейтін таразылар орнатылады
Аймақ

Сайрам ауданында жүк көліктерінің салмағын өлшейтін таразылар орнатылады

18 марта, 2025
Төлебиде 120 пәтерлі үй пайдалануға берілді
Аймақ

Төлебиде 120 пәтерлі үй пайдалануға берілді

18 марта, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық

Адамзат Жер шарының «шашын ағартып» тынды!..

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz