Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Өзекті мәселе

Тұмса табиғат апат алдында тұр

5 ноября, 2021
in Өзекті мәселе
0
0
SHARES
42
VIEWS

Осыдан алты жыл бұрын Түлкібас ауданының табиғаты тамаша жерінен құм-тас карьерін ашқан кәсіпкер енді цемент зауытын салып жатыр. Кен орнының шаңына тұншықтық деген жұрт, енді цементтің тозаңына уланамыз,  – деп дегбірі қашып отыр. «Қазақстанның Швейцариясы» атанған өлкенің  экологиясы не болмақ? Тұрғындар наразылығын Нұрлан Сұлтанбек тыңдап қайтты.

Өткен жылы мұнда химиялық зат шығаратын зауыт бой көтермек болды.  Бірақ, жақын маңдағы ауылдар өре түрегелген соң тоқтаған. Енді міне,  цемент зауыты салынбақ.  Бұл тұмса табиғатты талқандайды. Ең сорақысы тұрғындардың денсаулығын құртады,-  дейді ауыл халқы.

Болатбек Құрманов,  Түлкібас ауданының тұрғыны:

«Қарсымыз! Өйткені бұл жерде тұратын – біз, қалатын – біз, біздің бала-шағамыз. Ертең біздің ұрпағымыз мүгедек, көзі соқыр, шала туған  қабілетсіз болмасына кепіл бар ма? Сейітжанов мырза кепіл бола ма? Болмайды. Зауыт қазір Тассайда тұр. Тассайдың айналасындағылардың бәрі көшіп жатыр. Үйін ешкім алмайды. Шөп өспейді, құр тастан басқа ештеңе жоқ. Енді келіп басқа жер құрып қалғандай, кішкентай табиғатымызды талқандап жатыр»

Халықтың ызынына тиетіні  – түрлі техникалардың тынымсыз жұмысы. Түнде ұйқы, күндіз күлкіден айырылған түлкібастықтар зауыт құрылысында жүрген техниканы тоқтатып тастады. «Зауыт түгілі зиянды зат шығаратын цех қондырмаймыз» деген олар кәсіпкер кеңсесінің есігін қақты.

Тұрғындар:

«Хабарластық. Директор біз жиналыстамыз, жоқ, келмейміз» деді. Осы жердің директоры. Аты – Қуаныш.»

Жиналған жұртты тыныштыққа шақырғысы келген аудан әкімі орынбасары «ел түгел қарсы болса, онда зауытты тоқтатуға болады», – дейді

Бауыржан Ахметов, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары:

«Халықтың атынан қазір Қазбетонның қазу жұмыстарын жүргізу бойынша арыз түсіріп жатырмыз. Осы арыз бойынша біз өзі белгілі мекемелерге жолдаймыз. Солардың жауабын алып, елдің алдында сол кісілерге жауап бергізетін боламыз. Тоқтатуға әрекет жасаймыз. Егер халық қарсы болса, бұл жоба жабылады».

Алайда әкім орынбасарының сөзіне келіспейді. 9 айда атқарған есебінде цемент зауытының салынатынын кесіп айтты. Табиғатты барынша ластамай, құрылыс жұмыстары жалғаса береді. Оның да өзіндік тиімді тұстары бар ,- дейді.

Нұрлан Байғұт, Түлкібас ауданының әкімі:

«Өңіріміздің экономикалық даму жағынан үлесі бар. Қанша ма адамды жұмыспен қамтиды. Ал құрылысты барынша аз деңгейде зиян келтіретіндей етіп салу қолға алынды».

Ал арызын арқалап табалдырық тоздырған тұрғындар шенеуніктің сөзіне бұл жолы да сенді. Тіпті тағы да шағым жазып, жиналғандар түгел қол қойып берді. Енді осыдан кейін зауыт құрылысы тоқтап, құм-тас карьері жабылмаса, Батыс Қытай-Батыс Еуропа жолын жауып тастаймыз деп тарқасты.

Tags: кен орнытабиғатТүлкібас ауданыэкология
Алдыңғы жаңалық

2022 жылы тұрғындар толық газбен қамтылмақ

Келесі жаңалық

«Аңсаған сәби» жас шектеуі 49-ға дейін ұзарды

Ұқсас жаңалықтар

ЖАЛҒАН АҚПАРАТТАР ЕЛ ІШІНДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМГЕ ҮЛКЕН ҚАУІП ТӨНДІРУДЕ
Басты жаңалықтар

ЖАЛҒАН АҚПАРАТТАР ЕЛ ІШІНДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМГЕ ҮЛКЕН ҚАУІП ТӨНДІРУДЕ

4 июня, 2025
ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА

2 июня, 2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ МЕН КӨШЕДЕ ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ МЕН КӨШЕДЕ ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

2 июня, 2025
N16 КОЛЛЕДЖІНДЕ “ТӘРТІП ТӘН ҮШІН, ЫНТЫМАҚ ЖАН ҮШІН КЕРЕК” АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

N16 КОЛЛЕДЖІНДЕ “ТӘРТІП ТӘН ҮШІН, ЫНТЫМАҚ ЖАН ҮШІН КЕРЕК” АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2 июня, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДРОНДАР ШЫҒАРЫЛАДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖОҒАРЫЛАП КЕЛЕДІ

2 июля, 2025

АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖАУАПТЫ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 июля, 2025

АӨК ЖАЛПЫ ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША 6 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ САРАЛАНДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

2 июля, 2025

ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУА МАЛ АЗЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІН ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛҒАН

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА «ҮКІЛІ ДОМБЫРА» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРЕТІН ЖАҢА НЫСАНДАРДЫҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

1 июля, 2025
Келесі жаңалық

«Аңсаған сәби» жас шектеуі 49-ға дейін ұзарды

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

saqnews.kz
1 июля, 2025
0

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

saqnews.kz
24 июня, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz