4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Әлем

Ашыққан жұрт қыздарын сата бастады

Ауғанстанда гуманитарлық дағдарыс өрши түсті. Қазір ел 22,8 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінуде. Амалы қалмаған ауғанстандықтар қыздарын сатуға көшті. Ал, ЮНИСЕФ ұйымының өкілі Омар Абдидің айтуынша, 5 жасқа дейінгі балалардың көбі аштыққа ұшырауы мүмкін.

Талибан билікке келгеннен бері миллиондаған адам жұмыссыздыққа ұшыраған еді. Соның салдары аштыққа әкеліп соғуы мүмкін екендігін Біріккен Ұлттар Ұйымы ескерткен. Шаралары таусылған ауғанстандықтар әлі бойжетпеген қыздарын да саудаға салған. Бұл қадамға олар отбасының өзге мүшелерін асырау үшін барғандарын айтуда.

Мохаммед Ассан, тұрғын:

«Екі қызымды сатуға мәжбүр болдым: біреуі – 6-да, екіншісі – 9-да. Эдигульді Аб-Камариге сатсам, Сиананы Обихаға жібердім. Мені мұндай қадамға мәжбүрлеген – аштық».

Ал, 8 жастағы АШО есімді қызын 3 мың долларға сатып жіберген Гүлбибі. отбасын аман алып қалудың басқа жолын таппағанын айтады. «Тым құрыса, қызым бай жерге барса, жақсы өмір сүріп кетеді ғой», – дейді ана.

Гүлбибі, тұрғын:

    «Басқа амалым қалмады. Бұл – күнә. Мен оны білемін. Алла мен оның елшісі олай істеуге болмайтынын қатаң ескерткен».

Қыркүйекте Ауғанстан мәселесі бойынша өткен конференцияда Халықаралық Қауымдастық гуманитарлық көмек ретінде бір миллиард көлемінде қаражат бөлуге уәде берген еді. Алайда, Дүниежүзілік Азық-Түлік Ұйымы ол қаражаттың тек бір бөлігі ғана түскенін айтты. ЮНИСЕФ өкілі Омар Абди болса, жағдайды бақылау үшін Ауғанстанға барған. Ол балалардың жағдайын көріп, жағасын ұстағанын айтады. Аштықтың арты ауыр індеттерге жалғасу мүмкін екендігін де Абди жасырмады.

Омар Абди, ЮНИСЕФ басшысының орынбасары:

          «Бізде гуманитарлық апат басталды. Миллиондағна адам аштыққа ұшырады. Денсаулық сақтау ғана емес, бүкіл әлеуметтік жүйелер күйреуге ұшырады. Азық-түлік, медициналық қызмет мүлдем жоқ. Таяу арада жанармай да тасылады. Коронавирусты да ұмытпаңыз. Оның үстіне қыс келе жатыр».

«Жығылғанға – жұдырық» дегендей, Талибан мен Ислам мемлекеті арасындағы ежелден келе жатқан қақтығыс, көптеген адамды үйлерінен шығармай тастады деуге болады. Қарапайым жұрт Талибан келгелі қауіпсіздік орнаса да, азық-түлік тасымалы мүлдем тоқтап қалғанын айтуда.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *