4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Өзекті мәселе

Ұлттық спортты ұлықтауға тыйым салынуы мүмкін

 Бүгін Мәжіліс қабырғасында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң жобасы талқыланды. Дәлірек айтсақ, онда «Жануарлардың жарақат алуына, мертігуіне, олардың өліміне әкеп соқтыратын ойын-сауық шараларын ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады» деп тайға таңба басқандай жазылыпты. Дұрыс шығар, хайуан да болса, жаны бар, азаптау – обал. Әйтсе де осы ретте «Атадан келе жатқан дәстүрлі көкпар, кәйге сынды ойындарымыздың болашағына балта шабыла ма?» деген сұрақ туындайды екен.  Ақ-қарасын Қасым Хабибуллаұлы таразылайды.

Ғалымтай Әміровтың атбегілікпен айналысып жүргеніне 5 жылға жуықтаған. Текті жануарды жастайынан баптап, кейіннен көкпарға, бәйгеге қосады. Сонысымен де ұлттық спорттың ұлықталуына өлшеусіз үлес қосып жүр. Дегенмен «дәстүрлі ойында адам да, жануар да ойламаған жерден оқыс жағдайға тап болуы әбден мүмкін», – дейді ол.

Ғалымтай Әміров, атбегі:

 «Жануарларға жауапкершілікпен қорғау туралы» заң жобасы бүгін Мәжілісте қаралды. Президенттің тапсырмасымен әзірленген құжатты министр Серікқали Брекешов депутаттардың алдында қорғап бақты. Алайда шикілігі жоқ емес. Соның бірі – Ұлттық спортымызға қатысты жағы. 

Бекболат Тілеухан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

«Заң жобасында мынадай тармақ бар: «Жануарлардың жарақат алуына, мертігуіне, олардың өлуіне әкеп соқтыратын ойын-сауық шараларын ұйымдастыруға және өткізге тыйым салынады». Енді ұлттық спорттың тағдыры не болады енді ? көкпар,  бәйге, асауды қолға үйретудің тағдыры не болады?»

Сөйтіп еді, министр бұл тармақтың ит төбелесі сияқты жануарларды азаптауға құрылған іс-әрекеттерге тоқтау салу мақсатында жазылғанын ұлттық спорт түрлеріне еш қатысы жоқтығын айтып, қысқа қайырды.

Серікқали Брекешов, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

«Жануарлардың қатысуымен өтетін ұлттық спорт түрлері жануарларға залал келтіруді көздемейді. Сондықтан заң жобасында ұлттық спорт түрлерінде жануарлардың қатысуына тыйым салу қарастырылмаған».

Заңда мұндай екіұшты тармақтың жазылуы пікірталас тудыру мүмкін. Осыны ескергендей, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин тыйымның Ұлттық спорт түрлеріне қатысы жоқ деп көрсетуді тапсырды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *