Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Денсаулық

Балаларға вакцина салына бастайды

28 октября, 2021
in Денсаулық, Өзекті мәселе
0
0
SHARES
21
VIEWS

әлемде екпе салдырған жасөспірімдер үлесі 50 пайызға жетіп қалды

Қараша айының соңында 12 жасқа толған балаларға коронавирусқа қарсы екпе салына бастайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері хабарлады. Ол үшін елге арнайы Pfizer компаниясының вакцинасы әкелінеді. Тек медициналық мекемелерде ғана салынатын екпені алу үшін ең алдымен ата-ананың жазбаша рұқсаты керек. Қарсы болса, яғни, бас тартса, оларды ешкім мәжбүрлемейді. Осы ретте жасөспірімдерге екпе салдыруға қатысты ел не дейді? Шынар Әділханқызы зерттеп көрді.

Блиц-сауалнама

«Балаларыма салдырмаймын. Өйткені ол ешқандай тексерістен өтпеген».

«Жоқ. Салдырмаймын».

«Салдырмас едім. Себебі болашағын ойлаймын».

«Жоқ, салдырмаймын. Себебі оның қандай вакцина, жас ағзаға зияны бар ма, жоқ па білмеймін ғой».

Жәмила Момбекова, тұрғын:

«Мен өз басым ана әрі Қазақстан азаматы ретінде бұл вакцинаға қарсымын. Жеке өз басым ешқандай вакцина салдырмаймын. Балаларыма да. Өйткені олардың денсаулығы тек маған ғана керек».

Тұрғындар пікірі міне осындай. Алайда дәрігерлер аталған вакцинаның құрамында ешқандай вирус жоқтығын айтуда. Сондықтан желтоқсан айынан бастап 12 жастан асқан балаларға екпе егілмек. Мамандар, «қатерлі вирус балада жеңіл өтеді, олар тек тасымалдаушы деп қарамау керек», – дейді. Өйткені ағзаға көп мөлшерде вирус түссе, оның зардабы да ауыр болады екен.

Парахат Сафарова,  иммунолог:

«Балалардың арасында онкологиялық немесе жұқпалы ауруымен Д есебіне тұратындарға онсызда вакцина салынбайды. Ал негізінде бұл вакцинаның құрамында ешқандай вирус жоқ. Коронавирустық ауруды қоздырмайды. Тек ағзада оған қарсы тұратын иммунитет қалыптастырады».

Біздің ел осылай өре түрегеліп жатқанда, өркениетті елдерде керісінше балаларға вакцина салу жасын төмендетуде. Мәселен, АҚШ-та тіпті 5 және 11 жас аралығындағыларға да Pfizer салуды жоспарлап отыр. Аталған елде бұл вакцина түрі қараша айынан бастап 28 млн балаға қолжетімді болмақ. Ал Чили 6 және 11 жасқа дейінгі балаларға екпе салуды бастап та кетті.

Айта кетейік, қазірдің өзінде әлемде 12 мен 15 жастағы жасөспірімдердің 47 пайызы екпе қабылдап үлгірген.

Сара Эрмосилла, ата-ана:

«Менің ойымша, бұл – қуанарлық жағдай. Өйткені біз әлі де пандемия жағдайында тұрмыз. Мысалы, менің ұлыма бетперде таққызу өте қиын. Үйде ұстап та отыра алмайсың. Ол көп уақытын достарымен өткізеді. Сондықтан дәл осындай сақтық шарасы қажет».

Сіздер оны айтасыздар, Қытайдың кей өңірлерінде тіпті екпе салуды 3 жастан бастап кетті. Бұл мақсатта үш бірдей отандық вакцина шығарылды. Барлығы да тиісті сынақтан өтіп, маусым айында-ақ үкімет пайдалануға рұқсат беріп қойған. Ал 12 жастан асқан оқушыларға екпе шілде айынан бастап салынуда. Қытайда қазір халықтың шамамен 75 пайызы вакцина алған, яғни бұл – 1 миллиард 67 миллион адам деген сөз.

Tags: PfizerбалаларВакцинаДДСҰқараша
Алдыңғы жаңалық

«Елбасы жолы» экспедициясы келді

Келесі жаңалық

Түркістан халқы 220 мыңға жетті

Ұқсас жаңалықтар

ЖАЛҒАН АҚПАРАТТАР ЕЛ ІШІНДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМГЕ ҮЛКЕН ҚАУІП ТӨНДІРУДЕ
Басты жаңалықтар

ЖАЛҒАН АҚПАРАТТАР ЕЛ ІШІНДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМГЕ ҮЛКЕН ҚАУІП ТӨНДІРУДЕ

4 июня, 2025
ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА

2 июня, 2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ МЕН КӨШЕДЕ ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ МЕН КӨШЕДЕ ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

2 июня, 2025
N16 КОЛЛЕДЖІНДЕ “ТӘРТІП ТӘН ҮШІН, ЫНТЫМАҚ ЖАН ҮШІН КЕРЕК” АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

N16 КОЛЛЕДЖІНДЕ “ТӘРТІП ТӘН ҮШІН, ЫНТЫМАҚ ЖАН ҮШІН КЕРЕК” АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2 июня, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық

Түркістан халқы 220 мыңға жетті

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

saqnews.kz
5 октября, 2025
0

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz