Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Өзекті мәселе

Бүтін бір ұрпақ қоқыс арасында өсіп келеді…

27 октября, 2021
in Өзекті мәселе
0
0
SHARES
95
VIEWS

ал құзырлы орындар айыппұлдан арыға бара алмай отыр

Бұл – Түркістандағы «Бірлік» шағынауданы. Сырт көзге елді мекен емес, қоқыс полигоны секілді. Және күнделікті тұрмыстық қалдықтардан бөлек, адамдар мұнда өлексеге дейін сүйреп әкеліп тастап кете беретінге ұқсайды. Мәселе кеше-бүгін пайда болса бір сәрі, осылай жалғасып келе жатқанына ширек ғасырға жуықтапты. Құзырлы органдардың бәрі хабардар. Алайда олар мәселені біржақты шеше алмай, тек қоқыс төгушілерге айыппұл салудан әріге бара алмай отыр.

Атшаптырым аумаққа алғашында құрылыс қалдықтары тасталған екен. Кейіннен бәзбіреулер күл-қоқыс төгіп, тіпті ақыр аяғы ит-құс өлекселерін әкеліп тастауды әдетке айналдырыпты. Осының кесірінен бұл маңда тұратын тұрғындар көше тұрмақ, үйдің ауласында еркін тыныстай алмай қалған.

Мұхтар Сапаев, қала тұрғыны:

«Мына жерден адам өте алмайды, мен мына үйде тұрамын. Адам шыдай алмайды, сасып кетеді. Не бар бәрін әкеп тастайды. Көршілер ортадан ақша жинап тазалатамыз. Әкімшілікке айтамыз, «болды» дейді. 5-6 адам келеді, тазалағандай болады. Тегістеп тастаймыз дейді. Бір күн келді сырдырып тастаймыз деп, бірақ әлі ештеңе істеген жоқ».

Тұрғындардың базынасын айтып баспаған табалдырығы, қақпаған есігі қалмапты. Алайда әрекеттері еш нәтижесіз. Жақын маңда ойын алаңшасы болмағандықтан, балалар бал шақтарын күл-қоқыстың арасында өткеріп жүр,- деп қынжылады тұрғындар.

Бахрам Исмаилов, қала тұрғыны:

«Мына жерге негізі айыппұл деген белгі қойған. Бірақ оған қарап жатқан ешкім жоқ. Мал өлексесін тастап кете салады. Жаздың күні мына жерде отыру мүмкін емес. Сасық исі жер-әлемді алып кетеді. Біресе бұзау, біресе ит тастап кетті. Ұстап та алдық, полиция келіп айыппұл салып кетеді. Болды. Тоқтау жоқ».

Қала әкімдігі қызметкерлері де құқықбұзушыларға қолбайлау бола алмай отырғанын мойындайды.  Қанша рет қоқыс алып келгендерге айыппұл арқалатып жіберсе де, тәртіпсіздікке тоқтам болмаған.

Ерсейіт Бұхарбаев, қалалық инфрақұрылым және байланыс бөлімінің басшысы:

«Бұл бойынша біз бірнеше мәрте тазалау жұмыстарын жүргізгенбіз. Бетіне топырақ сеуіп, жапқанбыз. Жыл басынан бері 10 шақты адамға айыппұл салынған. Осындай жағдай туындай бергеннен кейін сол жаққа баратын жолдарды трактормен қазып та тастаймыз, көлік жүре алмайтындай етіп. Транспорт келетін жолдардың барлығына бетон қоршаулар орнатамыз. Тазалау жұмыстарын атқарамыз».

Түйін: Ғарыштан түсірілген суреттер Түркістан облысында екіжүзден астам заңсыз қоқыс алаңы бар екенін көрсетіп отыр. Ал облыстық Экология департаменті күл-қоқысты рұқсат етілмеген жерге төккендер 500 мың теңгеге дейін айыппұл төлейтінін айтады.

Tags: балалар ойын алаңыкүл-қоқысТүркістан облысықала тазалығыөлексе
Алдыңғы жаңалық

Өгіз аяң интернетке қайтсек жан бітіреміз?

Келесі жаңалық

Тұншыққан тұрғындарды «допша теуіп» келген...

Ұқсас жаңалықтар

ЖАЛҒАН АҚПАРАТТАР ЕЛ ІШІНДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМГЕ ҮЛКЕН ҚАУІП ТӨНДІРУДЕ
Басты жаңалықтар

ЖАЛҒАН АҚПАРАТТАР ЕЛ ІШІНДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМГЕ ҮЛКЕН ҚАУІП ТӨНДІРУДЕ

4 июня, 2025
ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА

2 июня, 2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ МЕН КӨШЕДЕ ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ МЕН КӨШЕДЕ ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

2 июня, 2025
N16 КОЛЛЕДЖІНДЕ “ТӘРТІП ТӘН ҮШІН, ЫНТЫМАҚ ЖАН ҮШІН КЕРЕК” АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

N16 КОЛЛЕДЖІНДЕ “ТӘРТІП ТӘН ҮШІН, ЫНТЫМАҚ ЖАН ҮШІН КЕРЕК” АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2 июня, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДРОНДАР ШЫҒАРЫЛАДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖОҒАРЫЛАП КЕЛЕДІ

2 июля, 2025

АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖАУАПТЫ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 июля, 2025

АӨК ЖАЛПЫ ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША 6 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ САРАЛАНДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

2 июля, 2025

ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУА МАЛ АЗЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІН ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛҒАН

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА «ҮКІЛІ ДОМБЫРА» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРЕТІН ЖАҢА НЫСАНДАРДЫҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

1 июля, 2025
Келесі жаңалық

Тұншыққан тұрғындарды «допша теуіп» келген...

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

saqnews.kz
1 июля, 2025
0

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

saqnews.kz
24 июня, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz