4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Әлеумет

Алты мыңнан астам адам құжатсыз жүр

Бір ғана Түркістан облысында осындай 569 тұрғын бар екен. Ол аздай, күні бүгінге дейін КСРО-ның «қызыл паспортымен» жүрген 224 азамат анықталған. Ал 18 жасқа толған соң туу туралы куәлік алмағандар саны – 565.

Мұндай дәйектер «Мәртебесі реттелмеген және жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұратын адамдарды анықтау» акциясы барысында белгілі болған. Мамандар жеке бас құжатынсыз жүретін азаматтарға 1 ай ішінде құжат жасатпаса арнайы айыппұл да көзделгенін ескертеді.

Ғани Зиябекұлы, ІІМ көші-қон қызметі комитетінің азаматтық және иммиграция басқармасының бастығы: 

«ҚР заңнамасына сәйкеc, құжатсыз адамдардың құқықтық мәртебесі анықталатын болады. Яғни Қазақстан Республикасының азаматы немесе азаматтығы жоқ адам есебінде белгілі бір тиісті құжат беріледі. Өздеріңізге мәлім азаматтардың құжаты болмауы, олардың конституциялық құқы мен заңды мүдделерін іске асыруын шектейді»

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *