Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Cаясат

Президент TikTok-ты тиімді қолдануға шақырды

22 октября, 2021
in Cаясат
0
0
SHARES
22
VIEWS

    Облыста болған  тұрмыстық жанжалдар Президентті де алаңдатты. Әсіресе, Шорнақ пен Қарабұлақтағы оқиға. Бастысы ұлтаралық қақтығыстың туындамауы. Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысында заңсыз шеруге шығатындарға ескерту жасады. Ал араңдатушылыққа жол бергендерді қандай жаза күтіп тұр? Тоқаевтың  TikTok-ты  қолдауына не түрткі болды? Нұрлан Сұлтанбек баяндайды.

Түркі жұртының рухани ордасында бүгінде тұрғындар саны 2 миллионнан асты. Соның ішінде 50-ге тарта этнос өкілдері өмір сүреді. Сондықтан өңір тұрмыстық дау-дамайдан ада деуге келмейді. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жиын басында аймақтағы ахуал жөнінде есеп берді. Баяндаманы тапжылмай тыңдаған Президент жанжалға жол бермеу керектігін  ескертті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:

«Статистика бойынша Түркістан облысында түрлі тұрмыстық жанжалдар аз емес. Өзіңіз де мысал ретінде Шорнақ, Қарабұлақ елді мекендерінде болған оқиғалар туралы айттыңыз. Тұрмыстық деңгейде болса да дәл осындай жағдайларға баса мән беру керек. Ең алдымен мұндай оқиғалар ұлттық сипатқа ұласпауы қажет».

Ал облыс әкімі өңірде Ассамблея құрамында 34 этномәдени бірлестік пен 9 қоғамдық келісім мекемелері бар екенін айтты. Олар нәтижелі жұмыс атқаруда дейді аймақ басшысы.

Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысы әкімі:

«Бүгінде Түркістан облысында этнос өкілдерінің 92%-ы қазақ тілін жетік меңгерген. Сонымен бірге өңірде этносаралық қатынастар жөнінде карта әзірленіп, түйткілді мәселелер зерделенді. Осы арқылы 2 мыңдай мәселе немесе сұрақтың жауабы табылып, 5000 мемлекеттік қызметкер мен полицейлер, қоғам өкілдері арнайы тренингтен өтті»

Сондай-ақ Мемлекет басшысы TikTok пен Instagram-дағы жобаларға да қызығушылық білдірді. Оның айтуынша, балалардың бос уақыты көп болғандықтан қажетсіз нәрселерге көз жүгіртеді.  Бұның алдын алу үшін  Ақмола поляк этномәдени бірлестігінің төрағасы Наталья Нагачевская жоба ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:

«Сіздің «Біздің өлке тарихы» TikTok жобасына қатысты ұсынысыңызды қолдаймын. Бұл – жақсы жоба. Қазір жастар негізінен TikTok және Instagram-да отырады, бұл – өмір шындығы. Осы шындыққа сәйкес, балаларымыздың көңіл-күйіне, мәдениетіне және тәрбиесіне оң әсер етейік»

Онлайн режимде өткен отырыста Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысында «Достық» үйін салуды тапсырды. Әрбір өңірде халықтар достығына арналған саябақтар да ашылуы мүмкін. Бұдан бөлек, этносаясатқа құзырлы органдар ғана жауап бермей, мемлекет пен қоғам бірлесе жұмыс істемек.

Tags: TikTokдау-жанжалпрезидентэтностар
Алдыңғы жаңалық

Зағип жандар әлі Ленин жырын жаттап жүр

Келесі жаңалық

Қорғансызды қауқарсызға күзеттіргеніміз қалай?

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы CITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуаны қабылдады
Cаясат

Мемлекет басшысы CITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуаны қабылдады

28 мая, 2025
Президент бірқатар елдің елшісін тағайындады
Cаясат

Президент бірқатар елдің елшісін тағайындады

23 мая, 2025
Түркістанда жаңа перзентхана салынады
Cаясат

Түркістанда жаңа перзентхана салынады

13 мая, 2025
ШАРДАРА АУДАНЫНДА АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ
Cаясат

ШАРДАРА АУДАНЫНДА АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

13 мая, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДРОНДАР ШЫҒАРЫЛАДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖОҒАРЫЛАП КЕЛЕДІ

2 июля, 2025

АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖАУАПТЫ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 июля, 2025

АӨК ЖАЛПЫ ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША 6 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ САРАЛАНДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

2 июля, 2025

ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУА МАЛ АЗЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІН ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛҒАН

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА «ҮКІЛІ ДОМБЫРА» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРЕТІН ЖАҢА НЫСАНДАРДЫҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

1 июля, 2025
Келесі жаңалық

Қорғансызды қауқарсызға күзеттіргеніміз қалай?

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

saqnews.kz
1 июля, 2025
0

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

saqnews.kz
24 июня, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz