4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Cаясат

Үдере көшкендер Германияның үрейін ұшыра бастады

Германия канцлері Ангела Меркель Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен кездесті. Қос тарап кәрі құрлықтағы миграциялық дағдарысты талқылады.

Еуропаға бет алған босқындардың басым көпшілігі Түркия арқылы өтеді. Сондықтан, Түркия билігі заңсыз миграцияға бөгет болуы бүкіл Еуропа үшін маңызды. Осы мақсатта, Меркельдің айтуынша Еуропалық Одақ Түркияға көмек көрсетуді жалғастырады.

Ангела Меркель, Германия канцлері:

«Біз Түркия-Еуропалық Одақ қарым-қатынасын талқыладық. Осы ретте заңсыз миграцияға қарсы күрес аса маңызды. Біз босқындардың, бірінші кезекте, адам тасымалдаумен айналысатын контрабандистердің құрығына түсіп қалмауын қамтамасыз етуіміз керек. Ауғанстандағы жағдайды ескере отырып, ол жерге де көңіл бөлген жөн».

Кездесу барысында, адам құқығы мәселесі де талқыланды. Себебі, Ердоған билікке келгеннен бері бірқатар, Германия азаматтары тұтқындалған болатын. Енді ресми Берлин оларды босатуды талап етуде.

Ангела Меркель, Германия канцлері:

«Әлбетте, біз адам құқығы мәселесін күн тәртібінен алып тастамаймыз. Тіпті, түрмеден босатылса да, Германияға қайта алмай жатқан азаматтарымыз бар. Ердоған мырза осындай фактілермен күресетінін айтты. Бұл – біз үшін қуантарлық жайт. Сондықтан бұдан былай да Түркияда адам құқығының сақталуын талап етеміз».

Меркель канцлер қызметін ары қарай жалғастырмайтындықтан, сарапшылардың пікірінше, бұл оның Түркияға жасаған соңғы жұмыс сапары.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *