Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Қоғам

Өлексе «аңқыған» ауыл тыңдар құлаққа зар

20 октября, 2021
in Қоғам
0
0
SHARES
121
VIEWS

тұрғындар он күннен бері көшеге шығудан қалған

Әңгіме Түркістан қаласындағы «Шауғар» ықшамауданы жайлы.  Ел тегіс ұйқыда жатқанда белгісіз біреулер көшеге бірнеше мал өлігін тастап кеткен. Содан бері он күн өтсе де, ешкім тазартпаған соң тұрғындар біздің арнамызға шағымданды.

Иістеніп, тіпті құрттай да бастаған өлексеге жақындамақ түгілі, маңайынан өту мүмкін емес. Қолаңса иіс қолқаны қабатыны өз алдына, «балаларға ауру жұға ма» деп қорқып отыр тұрғындар. Себебі ойын алаңы қол созым жерде ғана.

Ғалия Қалдыбекова, қала тұрғыны:

«Мына өлексені әкеліп тастағанына қанша күн болды. 109 ға да, тазалық мекемелеріне де хабарластық, еш нәтиже жоқ. Қасымызда балалар ойын алаңшасы бар, соларға ауру жұға ма деп қорқамыз. Енді бір шара қолдану қажет қой».

Тиісті орындардың ешқайсысынан қайран болмаған соң «шауғарлықтар» ең соңында ветеринарлық қызмет өкілдеріне қоңырау шалған. Сөйтсе олар да: «біз тек қаңғыбас ит пен мысықтың өлексесін ғана тазартамыз», – деп бастарын алып қашқан.

Еркебұлан Есет «Шауғар» ықшамауданының полиция инспекторы:

«Шауғар» ықшамауданы тұрғындары бізге хабарласты. Дегенмен мал өлексесін тазалау біздің құзіретімізге кірмейді. Бірақ мен өзім 109 байланыс орталығына, ветеринарлық орталыққа да хабарластым, ешқайсысы елең еткен жоқ».

Өлексені жұртшылықтың өзі алып тастайын десе, ауру жұға ма деп қорқып отыр. Бұрындары онша-мұншаны елемейтін елде мұндай үрей пандемиядан кейін қалыптасқан. Сондықтан егер қандай да бір мекеме мұны өз мойнына алмаса, оның  көшеде әлі қанша жатары белгісіз…

Tags: малтазалықТүркістан облысықолаңсаөлексе
Алдыңғы жаңалық

92 400 адам онлайн тіркелген

Келесі жаңалық

Көзден бұлбұл ұшқан салт қайта жаңғырды

Ұқсас жаңалықтар

БӘРІМІЗДІҢ ШАҢЫРАҒЫМЫЗ – БІР ҚАЗАҚСТАН
Басты жаңалықтар

БӘРІМІЗДІҢ ШАҢЫРАҒЫМЫЗ – БІР ҚАЗАҚСТАН

22 августа, 2025
Қазақстандағы ұлттар арасындағы татулық пен бірлік
Басты жаңалықтар

Қазақстандағы ұлттар арасындағы татулық пен бірлік

21 августа, 2025
Бірлігі ажырамаған Қазақстан – Бүкіл ұлт өкілдері бақытты күн кешетін Қазақстан
Басты жаңалықтар

Бірлігі ажырамаған Қазақстан – Бүкіл ұлт өкілдері бақытты күн кешетін Қазақстан

20 августа, 2025
Бірлік пен ынтымақтастық – Қазақстанның Тірегі
Басты жаңалықтар

Бірлік пен ынтымақтастық – Қазақстанның Тірегі

19 августа, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Ауыл шаруашылығы санағына 390 мың респондент қатысты

22 августа, 2025

БӘРІМІЗДІҢ ШАҢЫРАҒЫМЫЗ – БІР ҚАЗАҚСТАН

22 августа, 2025

Қазақстандағы ұлттар арасындағы татулық пен бірлік

21 августа, 2025

Бірлігі ажырамаған Қазақстан – Бүкіл ұлт өкілдері бақытты күн кешетін Қазақстан

20 августа, 2025

Бірлік пен ынтымақтастық – Қазақстанның Тірегі

19 августа, 2025

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

18 августа, 2025

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

16 августа, 2025

Елдесу және татуласу – бейбіт өмірдің кепілі 🤝

16 августа, 2025

ТҮРКІСТАН: ҚХА-НЫҢ «САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «БЕС НӘРСЕДЕН ҚАШЫҚ БОЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

15 августа, 2025
Келесі жаңалық

Көзден бұлбұл ұшқан салт қайта жаңғырды

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

saqnews.kz
16 августа, 2025
0

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

saqnews.kz
18 августа, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz