Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Денсаулық

Түркістандықтардың 90%-дан астамы екпе салдырған

18 октября, 2021
in Денсаулық
0
0
SHARES
29
VIEWS

Түркістан облысы тұрғындарының 90,5 пайызы короновирусқа қарсы екпенің 1-компонентін қабылдаған. Тамыз айының екінші жартысынан бастап республика бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтала бастаған. Оған коронавирустық инфекцияға қарсы егілгендер санының көбеюі әсер етсе керек. Бұл туралы брифингте Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді.

«2021 жылдың 3 тамызы күні Қазақстандағы коронавирус пандемиясымен күрес бойынша «Ел үшін егілемін» Азаматтық штабы құрылды. Мақсаты – COVID-19-ға қатысты барынша шынайы ақпарат таратып, азаматтарды вакцина алуға үгіттеу. Біз елімізді қалыпты, ковидке дейінгі өмірге қайтаруды мақсат етіп отырмыз. Ал бұл ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, халықтың 70-80 %-ына вакцина салдыру арқылы ғана мүмкін болмақ. Ағымдағы жылғы 28 қыркүйектегі жағдай бойынша республика бойынша бірінші компонентпен – 7 560 935 егіліп, тиісті контингентпен қамту 75,8%-ды құраған. Ал екінші компонентпен 6 452 766 адам егіліп, қамту — 64,7%-ды көрсетіп отыр», – деді Ержан Халиұлы.

Сондай-ақ брифингке қатысқан ҚР Заңгерлер одағы филиалының жетекшісі, Азаматтық штаб қатысушысы Серік Беркамалов коронавирустық инфекцияның қазіргі таңда неғұрлым бақылауды қажет ететін 8 түрі барын, оның 4-і Қазақстанда анықталғанын айтты.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше,  бақылауда бола алатын штамдар қатарына «Eta»,  «Iota», «Kappa» кіреді екен. Сондықтан да бұл штамды вирустардан қауіптенудің қажеті жоқ. Жалпы коронавирус инфекциясына қарсы екпелердің барлығы дерлік инфекцияның штамдарына қарсы тұра алады. Коронавирустың барлық түрі де адам денсаулығына әсер етіп, зиянын тигізуі мүмкін. Сондықтан аурудан кейін асқынуды болдырмау мақсатында уақытында коронавирустық инфекцияға қарсы егілу қажет. Республикада коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты 27 қыркүйектен бастап қауіпсіз (жасыл) статусты адамдарға ғана мерекелік шараларды өткізуге рұқсат берілді», — деді Серік Нұртазаұлы.

Бүгінгі таңда КВИ-ға қарсы екпе егу көрсеткіші бойынша, Қазақстан ТМД елдері арасында екінші, ал әлемде 42-орында. КВИ-ға қарсы ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін әлемдік тәжірибеде халықтың 60%-дан астамын осы инфекцияға қарсы екпемен қамтуға қол жеткізу қажет. Елде COVID-19-дан ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы қалыптасу сатысында.

Tags: вакцина салдыруДенсаулықТүркістан облысыэпидахуал
Алдыңғы жаңалық

96 автобус айып тұрағына қойылды

Келесі жаңалық

Өнертапқыштар ауадан су алды

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда жаңа перзентхана салынады
Cаясат

Түркістанда жаңа перзентхана салынады

13 мая, 2025
Денсаулық

Дәрігерлер науқасты емдеуден бас тарта алады

17 октября, 2022
Денсаулық

Елде жыл сайын 5000 әйел сүт безі қатерлі ісігіне шалдығады

14 октября, 2022
Елордалық дәрігерлер Атыраудан келген 5 жастағы науқасқа инновациялық ота жасады
Денсаулық

Елордалық дәрігерлер Атыраудан келген 5 жастағы науқасқа инновациялық ота жасады

22 сентября, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық

Өнертапқыштар ауадан су алды

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

saqnews.kz
5 октября, 2025
0

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz