Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Алма терем деп көз жұмды

15 октября, 2021
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
154
VIEWS

той күтіп отырған үй иелері қапыда қара жамылып қалды

Төлеби ауданы, Жоғарғы Қасқасу ауылында 21 жастағы жігіт тоқ соғып қайтыс болды. Тұрғындардың айтуынша, өрімдей жастың өліміне ескірген электр желісі себеп болған. Қалың бау арасындағы бағаналардың орнатылғанына 50 жылдан асса керек. Іріп-шіріген бағандар жел тұрса, құлайды. Содан қауіптенген ауыл тұрғындары жоғары кернеулі электр желісін  көше бойымен жүргізуді талап етіп отыр.

Керімжан Сегізбаев 12 қазанда үлкен ұлының тойын жасағалы отырған. Енді міне қапыда қара жамылып, кейінгі ұлының жаназасын шығарды. Баласы алма теріп жүріп, тоққа түсіп қалған.

Керімжан Сегізбаев, марқұмның әкесі:                                    

         «Қанша жерге шағымдандық. Аудан әкіміне де, Нұр Отанға да бардық. Бәрі уәдені үйіп-төгіп берді, бірақ біреуі де орындалған жоқ. Міне, арыстандай азаматымнан айрылып отырмын бүгін, өздеріңіз куәсіздер. Енді  бұдан кейін не істеуге болатынын білмеймін. Ана бағанды лажы болса құртыңыздар, құртпайсыздар ма, мен аралап тастайм…»

Марқұм Азамат отбасындағы 6 баланың екіншісі еді. Жоғарғы оқу орнының соңғы курсында оқып жүрген.  Сол күні досы екеуі алма теруге шықса керек. Ағаштың ұшар басындағы жемісті алу үшін темір сатыны көтеріп келе жатқанда, жоғары кернеулі тоқ өткізілген желіге тиіп кеткен. Ал, сатының екінші ұшын ұстаған жігіт аман қалды.

 Жұмағали Есмұрзаев, Жоғарғы Қасқасу аулының тұрғыны:

        «Линияны көріп тұрсыздар, төрт-ақ метр. Пәс жерде орналасқан. Сымның  бойымен 10 мың вольт тоқ жүріп тұр. Ондай кернеу нені болсын өртеп жібереді. Менің балам да аң-таң: ток оны да ұшырып жіберген ғой. Қайта сатының түбі жерге тиіп аман қалған ғой ол. Әйтпесе, бүгінде екі бірдей азаматтан айрылып отырар едік…»

Бағандардың орнатылғанына жарты ғасыр болған дейді тұрғындар. Жел тұрса құлайды, жауын болса жарқылдайды, тіпті ескіріп шірігендері өртенген кездері де болған дейді олар.

Жарылқасын Мырзахметов Жоғарғы Қасқасу ауылының тұрғыны: 

«Оншақты жылдың көлемі боп қалды ғой бұны қозғап жатқанымызға. Барамыз, болды тас қып береміз дейді, жоқ ешқандай. Бұл не қылған баған? Аса  жоғарғы вольтты. Бер жақта застава, ар жағында демалыс орны жатыр. Желінің ауыспағанына қанша жыл болды. Әлі қаншама адамды жалмайтынын құдай білсін мұның. Машинаның үстіне түссе, машина өртенеді, малға түссе малды өлтіреді. Адам өтсе адамды өлтіреді. Міне, өліп жатыр ғой басы…»

Бұл ауылда небәрі жүз шаңырақ бар. Адамның амандығын ойлаған ауыл тұрғындары жоғары кернеулі желіні көше бойымен жүргізгенін талап етеді. Қазіргі жағдайы өте қауіпті. Мұны жергілікті атқарушы орган өкілдері де мойындап отыр. Дегенмен олар бір жағы тұрғындардың өзін де кінәлап отыр.

       Мейіржан Дүйсебаев, Төлеби ауданы, Қасқасу ауылдық округі әкімінің орынбасары:   

         «Қауіпті болғанда, бұл бағандар негізінде олардың қорасына дейін салынған. Яғни, қора да, үй де кейін салынған. Тұрғындар жоғарғы вольтті сым өтіп жатқанын көре тұра үй салып, шарбақтарын қоршап алған, былайша айтқанда. Кейін легализация кезінде құжаттарын туралап алған.  Ендеше, тұрғындардың өзі кінәлі ме? Кінәлі. Барлығы болмаса да, біразы кінәлі.

Дегенмен енді сең қозғалатын секілді. Әкімдер энергетиктермен келісіп қораға тиіп тұрған электр бағаналарын сыртқа жылжытамыз деп отыр.

Tags: алма теружазатайым жағдайжоғарғы кернеулі бағанТөле би ауданыҚасқасу
Алдыңғы жаңалық

Отбасы пән ретінде оқытылуы мүмкін

Келесі жаңалық

Бес ауылға газ берілді

Ұқсас жаңалықтар

Бірлігі ажырамаған Қазақстан – Бүкіл ұлт өкілдері бақытты күн кешетін Қазақстан
Басты жаңалықтар

Бірлігі ажырамаған Қазақстан – Бүкіл ұлт өкілдері бақытты күн кешетін Қазақстан

20 августа, 2025
Бірлік пен ынтымақтастық – Қазақстанның Тірегі
Басты жаңалықтар

Бірлік пен ынтымақтастық – Қазақстанның Тірегі

19 августа, 2025
Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

18 августа, 2025
КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

16 августа, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Бірлігі ажырамаған Қазақстан – Бүкіл ұлт өкілдері бақытты күн кешетін Қазақстан

20 августа, 2025

Бірлік пен ынтымақтастық – Қазақстанның Тірегі

19 августа, 2025

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

18 августа, 2025

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

16 августа, 2025

Елдесу және татуласу – бейбіт өмірдің кепілі 🤝

16 августа, 2025

ТҮРКІСТАН: ҚХА-НЫҢ «САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «БЕС НӘРСЕДЕН ҚАШЫҚ БОЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

15 августа, 2025

«ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАНДА АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

15 августа, 2025

Түркістан облысында халықтар достығы мен ынтымақтастығы нығаюда

14 августа, 2025

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

13 августа, 2025
Келесі жаңалық

Бес ауылға газ берілді

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

saqnews.kz
16 августа, 2025
0

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

saqnews.kz
18 августа, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz