Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Ғалам «5G»-ге көшкенде, Түркістан өгіз аяңмен қала ма?..

8 октября, 2021
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
60
VIEWS

әлі күнге ұялы байланыс дұрыс ұстамайды...

Түркістанда интернет сапасы өте нашар.  Қаланың кей бөлігінде өте баяу істейді, ал бірнеше шағынауданда әлі күнге атымен жоқ. Десе де облыстық цифрландыру басқармасы «шаһарда интернет жылдамдығы өте жоғары», – деп есеп берген. Тек Отырар, Созақ, Төле би ауданында ғана интернет сапасы төмен дейді олар. Бұл қалай болғаны? ХХІ ғасырда ғалам жұрты түгел «5G» жылдамдыққа көшкелі жатқанда, түркі елдерінің рухани астанасы мұндай «тасбақа жүріспен» көш соңында қалып қоймақ па?  Мәселені Шынар Әділханқызы зерттеп көрді.

БЛИЦ-САУАЛНАМА

«Интернет жоқ қой. Қаланың ішіне кірсек қана аздап антенна ұстайды. Әйтпесе мүлдем тартпайды».

«Интернет істемейді».

Алматыдан екі-ақ ай бұрын көшіп келген Бақыт Нұрымбетов Түркістанның кез келген жерінде интернеттің нашарлығын бірден байқаған. Тіпті  осы мәселе бойынша қайда шағымданарын білмей жүрсе керек. Себебі «тек интернет қана емес, кәдімгі ұялы байланыс ұстамай қалатын кездері өте жиі кездеседі», – дейді ол.

Бақыт Нұрымбетов, тұрғын:

«Интернет өте нашар. Жұмыс істемейді деген дұрыс шығар. Видео қоңырау шалып,  конференция жасау, жиналыс өткізу тіпті мүмкін емес. Жылдамдығы баяу. Өйткені ұялы байланыс жөнді ұстамайды. Біреумен сөйлесіп тұрған кезде, өзінен өзі үзіліп кете береді. Қайтадан қоңырау шаласың. Түркістанның кез келген жерінде жағдай осылай».

Сәрсенбай Дүйсенов, тұрғын:

«Интернет мүлдем ұстамайды.  Жұмысы нөл, бірақ ақысын бір тиынына дейін төлетіп алады.  Айына бәлен ақша далаға кетіп жатыр, шыны керек.  Дәл қазір 15 күннен бері ол тоқтап тұр. Бұған дейін де жетісіп тұрғаны шамалы еді. Енді мүлдем тынды».

Көпқабатты тұрғын үйлердегі байланыстың болмауы абоненттердің ауысуынан дейді жауаптылар. Бүгінде мамандар интернет жиілігі нашарлығының себеп-салдарын анықтап жатса керек.

Елнұр ӨТЕБАЕВ,  облыстық цифрландыру мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы:

«Бізде жақсы жаңалық бар. Rixos қонақүйіне теле2 абоненттеріне «5G» жылдамдықтағы базалық станциясын қойдық.  Жылдың соңына дейін К/cell акцонерлік қоғамынан пилоттық режимде республикада бірінші болып 9 базалық станция қойылады.  Әуелі Қ.А. Яссауи кесенесі,  «Керуен сарай», содан кейін аэропорт секілді туристер ең көп баратын жерлерді қамту жоспарда тұр»

Түйін: Осыдан 5 ай бұрын цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин халық алдында есеп берген еді. Сонда ол: «Елімізде 5214 ауыл мобильді интернетпен қамтамасыз етілген. Алайда, 1200 ауылда әлі де болса оның жылдамдығына қатысты мәселе бар», – деп мәлімдеп еді. Соның ішінде Түркістан облысында 2 жыл ішінде 58 ғана  елдімекенге интернет жүйесі іске қосылcа, 151 ауыл оған әлі қол жеткізе алмай отыр.

Tags: «5G» жылдамдықБағдат МусининтернетТүркістанұялы байланыс
Алдыңғы жаңалық

Үйден ұзап шыға алмайтындарға тамаша тосынсый жасалды

Келесі жаңалық

Жүгенсіз кеткен жарнама етек-жеңін жиятын болды

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025
Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025
ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025
ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық

Жүгенсіз кеткен жарнама етек-жеңін жиятын болды

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz