Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Бес жасар баланы іздеу операциясы

6 октября, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
0
SHARES
36
VIEWS

Екі миллионнан астам халқы бар Түркістан облысы еліміз бойынша ең қылмысы аз өңір саналады. Бұл – еліміздегі ең үздік көрсеткіш. Яғни, құқықбұзушылық деңгейі 10 мың тұрғынға шаққанда 31-ден келеді деген сөз. Мұнда әсіресе учаскілік полицейлердің үлесі зор. Себебі кез келген оқиға орнына бірінші болып жететін солар. Елімізде  «Погонды журналист» республикалық жобасы өтіп жатыр. Соның аясында біздің арнаның тілшісі Назым Қайратқызы бір күнін учаскелік полицейлікке арнап, тіпті жоғалып кеткен 5 жасар баланы табуға атсалысты.

№4 учаскелік полиция пункті. Әкімшілік аумақта 27 200 адам тұрады. «Халық тығыз орналасқандықтан, мұнда түрлі құқық бұзушылықтар жиі болып тұрады», – дейді полиция майоры Марат Жұмабеков. Оның бұл салада жүргеніне 25 жылдан асқан.

Марат ЖҰМАБЕКОВ, №4 учаскелік тірек пунктінің аға учаскелік инспекторы:

«Әкімшілік аумақта 3 вокзал, 7 базар, 1 парк орналасқан. Соның барлығына біз қызмет көрсетеміз. Одан бөлек 72 көпқабатты тұрғынүй орналасқан».

Учаскіге келген мына азаматшаның бас қайғысы – жұбайы. Ішкілікке салынған күйеуі отбасының шырқын бұзған. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан әбден зәразап болған әйелдің арыз-шағымын тыңдадым. Түсінгенім, учаскелік полицей болу тұрғындардың тыныштығын күзету ғана емес, бейтаныс жандардың мұң-зарын тыңдап, жұбата білу екен.

Дәл қазір біз жоғалған баланы іздеу жұмыстарына кетіп бара жатырмыз. Бұл істе бірде-бір минутты да жоғалтуға болмайды.

Ойын баласын іздеп жақын аумақты түгелдей шарлап шықтық. Жолай ұшырасқандарға баланың ерекше белгілерін айтып, көрсе хабар берулерін өтіндік. 1 сағаттық іздеу жұмыстарының нәтижесінде жоғалған баланы таптық. Ол өзінен ересек балаларға еріп, үйінен алысқа ұзап, адасып қалған. Ешқандай дене жарақаты жоқ, тек қатты шошынып қалса керек.

ДИАЛОГ АПАСЫМЕН:

«Мінекей, балаңызды өзіңізге тауып бердік. Енді жоғалтпаңыз. Қазір, білесіз неше түрлі оқиғалар болады. Бала ұрлығы бар, педофилдер тағы бар. Сондықтан да балаға абай болыңыз».

Алғыс арқалап, біз жұмысымызды ары қарай жалғастырдық. Республикалық жедел-профилактикалық іс шараның аясында үй-үйді аралап, тұрғындардың тұрмыстық жағдайларымен таныстық. Түрлі оқыс оқиғалардан аулақ болу үшін түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Бұл – учаскелік полицейлердің күнделікті жұмысының бір парасы ғана.

Бердалы Ахметов, қала тұрғыны:

«Мұндағы учаскелік полицейлердің жұмысы өте жоғары. Өйткені бұл өзі қиындау учаске. Соған қарамастан, жақсы жұмыс істейді. Қандай да бір шақырту болса, дер кезінде келіп, мәселені шешеді».

Полиция қызметкері – халықтың қорғаны. Оның басты қаруы – заң. «Ел тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау» деген жаттанды сөздің артында, қаншама жанашырлық, ұстамдылық, азаматтармен тіл табыса білу, сыпайылық сынды адами биік қасиеттер тұратынын ұқтым.

Tags: іздеубала жоғалтупогонды журналистучаскелік полицей
Алдыңғы жаңалық

Балаларға 5 жастан вакцина салынуы мүмкін...

Келесі жаңалық

Нан мен «майдың» жыры мәжіліске де жетті

Ұқсас жаңалықтар

Бірлігі ажырамаған Қазақстан – Бүкіл ұлт өкілдері бақытты күн кешетін Қазақстан
Басты жаңалықтар

Бірлігі ажырамаған Қазақстан – Бүкіл ұлт өкілдері бақытты күн кешетін Қазақстан

20 августа, 2025
Бірлік пен ынтымақтастық – Қазақстанның Тірегі
Басты жаңалықтар

Бірлік пен ынтымақтастық – Қазақстанның Тірегі

19 августа, 2025
Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

18 августа, 2025
КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

16 августа, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Бірлігі ажырамаған Қазақстан – Бүкіл ұлт өкілдері бақытты күн кешетін Қазақстан

20 августа, 2025

Бірлік пен ынтымақтастық – Қазақстанның Тірегі

19 августа, 2025

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

18 августа, 2025

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

16 августа, 2025

Елдесу және татуласу – бейбіт өмірдің кепілі 🤝

16 августа, 2025

ТҮРКІСТАН: ҚХА-НЫҢ «САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «БЕС НӘРСЕДЕН ҚАШЫҚ БОЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

15 августа, 2025

«ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАНДА АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

15 августа, 2025

Түркістан облысында халықтар достығы мен ынтымақтастығы нығаюда

14 августа, 2025

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

13 августа, 2025
Келесі жаңалық

Нан мен «майдың» жыры мәжіліске де жетті

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

saqnews.kz
16 августа, 2025
0

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

saqnews.kz
18 августа, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz