Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Қазақстан

Түркістан: Жөндеу жұмысын қажет ететін ескерткіштер анықталды

5 октября, 2021
in Қазақстан
0
0
SHARES
42
VIEWS

Түркістан облысындағы тарихи ескерткіштерге қамқорлық керек. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы «Miras» қоғамдық кеңесі отырысында мамандар осылай дабыл қақты. Жиынға «Miras» қоғамдық кеңесінің төрағасы, жазушы Мархабат Байғұт төрағалық жасап, жүргізіп отырды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Түркістан облысының киелі, қасиетті орындарына жасалған «Түркістан ғажайыптары» экспедициясы түйінделді. Партия филиалының қолдауымен өткен экспедиция 23-маусымда басталып, 15 шілдеде аяқталды.

Арнайы топ пен өлкетанушылар 10 экспедициялық сапарға шығып, 85 нысанды көріп, жай-күйін зерделеген. Бұл туралы Түркістан облыстық мәдениет басқармасының тархи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталықтың директоры Жандос Құрбанның есебі тыңдалды. Оның айтуынша, аудан, қалаларда тарихи ескерткіштер мен орындарды қорғау бағытындағы жұмыстарды күшейту керек.

«Түркістан облысындағы Шәммат ишан мешіт-медіресесі, Ұзын ата кесенесі, Ысқақ ата кесенесі, Мансұр ата кесенесі секілді сәулет ескерткіштері реставрациялық жұмыстарды қажет етіп тұр. Егер қолдау көрсетілмесе, құнды мұраларымыздан көз жазып қалуымыз мүмкін. Сонымен бірге Келес ауданындағы Алқакөл көліне баратын 10 шақырым жолға асфальт төсеу және «Алқакөл сұлама» қырғынының 300 жылдығына арнап мемориалды кешен орнатып, насихаттаған жөн. Созақ ауданындағы Қошқар ата, Мұхаммед Ханафия, Балықшы ата, Хақназар хан кесенелеріне, Қазығұрт ауданындағы Ысқақ ата, Шілтен ата кесенелеріне, Төлеби ауданындағы Мансұр ата кесенесіне, Жылақ ата бұлағына, Сайрам ауданындағы Ер Бекіш ата кесенесіне, Түлкібас ауданындағы Қараүңгір тұрағы, Дәу баба кесенесіне баратын жолдарды реттеп, мүмкіндігі болса асфальт жабын төсеу керек», – деген Жандос Құрбан өзге де ұсыныстарын жеткізді.

Атап айтсақ, облыс аумағындағы барлық тарихи-мәдени, киелі және қасиетті жерлерге баратын жол бойларындағы сілтеуіш белгілерді жаңарту, жоқ болса қою, барлық тарихи орындардың мемлекет қорғауында екенін көрсететін тақтайшаларды жаңартуға облыстық бюджеттен қаржы қарау қажет. Сондай-ақ шырақшылардың біліктігін арттыру, ауыл әкімдерінің тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау бойынша біліктілігін арттыру үшін тұрақты түрде семинарлар өткізу де маңызды.

Жиында өңірде ұлттық спорт түрлерін дамыту бағытындағы жұмыстар да сараланды. Бұл жөнінде «Тарихын тану – тағылымды іс» тақырыбында облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысының орынбасар Айтмахаметәлі Бердашевтың баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, Түркістан облысында асық ату, қазақ күресі, көкпар, теңге ілу, тоғызқұмалақ, аударыспақ, бәйге, жамбы ату, саят, жекпе-жек, жалпы ұлттық спорттың 10 түрі дамып келеді. Ұлттық спорт түрімен жалпы шұғылданушылар саны 84 мыңнан асады. Олар облыстағы 1826 үйірмеге қатысады. Облыс спортшылары 2021 жылдың 9 айында ұлттық спорт түрлерінен халықаралық, республикалық және облыстық жарыстарға қатысып, 76 алтын, 65 күміс, 25 қола медальды жеңіп алған.

Қоғамдық кеңес отырысында Түркістан облыстық туризм басқармасы туристік жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру бөлімінің басшысы Нұрдәулет Медеуов осы саладағы жұмыстарды баяндады. Ол Түркістан өңірінде туризм саласы дамып, ақпараттық-насихаттық жұмыс күшейгенін мәлімдеді. Дегенмен қоғамдық кеңес мүшелері туризм саласындағы жұмыстарды әлі де ширату керектігін жеткізіп, бірқатар ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен бірге облыстағы тарихи орындарды қорғау, көкпар спортын өткізуге арналған аумақтарды белгілеу, жұртшылықтың бұқаралық спортпен шұғылдануына жағдай жасау бағытында пікірлерін айтты.

Жиынды түйіндеген Мархабат Байғұт әрбір ұсыныс хаттамаға енгізіліп, тиісті жұмыс жүретінін мәлімдеді.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев өңірдің туристік әлеуетін көтеру, тарихи ескерткіштерді қорғау, руханиятқа, спортқа қолдау көрсету және насихаттау партияның Жол картасының басым бағыттарына енгізілгенін жеткізді. Әрбір басқарма немесе орталық өз салаларындағы мәселелерді жасырмай айтып, жергілікті әкімдіктерге ұсыныстар беріп, белсенді жұмыс жүргізуі тиіс екеніне тоқталды. «Ұлттық мұра» жобасы аясында өткен «Түркістан ғажайыптары» өлкетану экспедициясының өңір тарихын, өлкетануды зерделеуде табысты еңбек еткенін айта келе, экспедиция мүшелерін алғыс хатпен марапаттады.

 

Tags: Нұр отан
Алдыңғы жаңалық

Шылаушын «қайта оралды»

Келесі жаңалық

Балаларға 5 жастан вакцина салынуы мүмкін...

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ МЕН ҚХР КОМПАНИЯЛАРЫ АРАСЫНДА БІРҚАТАР СЕРІКТЕСТІК КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ
Аймақ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ МЕН ҚХР КОМПАНИЯЛАРЫ АРАСЫНДА БІРҚАТАР СЕРІКТЕСТІК КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

30 мая, 2025
ТҮРКІСТАННАН АҚМОЛАҒА: ЖӘРМЕҢКЕГЕ 200 ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ ТИЕЛГЕН КЕРУЕН ЖОЛҒА ШЫҚТЫ
Аймақ

ТҮРКІСТАННАН АҚМОЛАҒА: ЖӘРМЕҢКЕГЕ 200 ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ ТИЕЛГЕН КЕРУЕН ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

30 мая, 2025
ШАРДАРАДА: “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ҮЗДІКСІЗ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Басты жаңалықтар

ШАРДАРАДА: “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ҮЗДІКСІЗ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

10 мая, 2025
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы басталды Қасым-Жомарт Тоқаев:
Cаясат

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы басталды Қасым-Жомарт Тоқаев:

24 апреля, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық

Балаларға 5 жастан вакцина салынуы мүмкін...

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz