4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

35 шақырымға жуық жол жөнделіп жатыр

Биыл Түлкібас ауданында 34,6 шақырым жол жөнделіп, жыл соңында дейін пайдалануға берілмек. Сондай-ақ аудан орталығындағы көшелер де жақсара түседі деп күтілуде.

«Ауыл – Ел Бесігі» бағдарламасы бойынша, орталықтағы 18,3 шақырым жол жөнделіп,  Т.Рысқұлов елді мекеніндегі бес көше мен Көкжайлау және Жанкент шағынаудандарының көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, тұрғындардың түнгі уақытта жүріп-тұруына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында түнгі жарықтандыру шамдары орнатылуда.

Жол жөндеу жұмыстарының қарқыны мен сапасын бақылау мақсатында аудан басшысы Нұрлан Байғұт өзі аралап, кей көшелерге көңілі толмай, жауапты мердігер мекемені сынға алды. Әкім барлық нысанның сапасы мен мерзімінде аяқталуын қатаң бақылауда ұстайтынын ескертті.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *