4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

Жаңадан салынған аялдамалар қирап қалған

Түркістан қаласы «Тұран» мөлтек ауданына кіре берістегі пайдалануға берілгеніне небары бір жыл болған кей аялдамалардың орындықтары қирап, қала берді көше шамдары құлап үлгерген. Бұл аумақтың тіпті қоқысы да уақытылы жиналмайтын көрінеді. Көше бойында мектеп болғандықтан, оқушылар автобусқа мінуге осы жерге келеді. Аялдамаларды осындай халге жеткізген сол балалар секілді. Әйтсе де, бар кінәні балаларға ысыра салу қисынсыз, таяқтың екінші ұшы ересектерге де келіп тірелері хақ. Тақырыпты тілшіміз Әлия Мұхтарқызы тарқатады.

Тап осы аумаққа жауапты қалалық инфрақұрылым және коммуникация бөлімі бұл аялдамалардың Ордабасы ауданына қарасты екенін, қалалық балансқа әлі өтіп үлгермегендін айтты. Тиісті жұмыстар толық жасалып біткен соң аялдамалар мен демалыс орындарын қайта қалыпна келтіреміз деді олар.

Мейрамбек МОМБЕКОВ, Түркістан қалалық инфрақұрылым және коммуникация бөлімінің сектор меңгерушісі: “Бұл жер 13 сектор деп аталады. Ордабасы ауданына қарасты екен. Ордабасы ауданы тарапынан қазір Түркістан қаласының теңгеріміне әлі өтпеген. Жылдың соңына дейін барлық аудандармен атқарылған жұмыстарды қабылдау үшін жұмыстар жүргізілуде. Бірніші кезекте оосындай ақау пайда болған жерлердің бәрін қалпына келтірту, және құжаттарын 100 пайыз әзірлеп өткізсе Түркістанның балансына аламыз”

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *