4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

Арыста 10 отбасы Солтүстікке көшуге ниет білдіріп отыр

Арыс қаласында «Nur Otan» партиясы Арыс қалалық филиалы мен Халықты жұмыспен қамту орталығы бірлесіп Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында Оңтүстіктен Солтүстікке қоныс аудару мәселесі бойынша «Ашық есік» күнін өткізді.
«Ашық есік» күніне 32-ге жуық қала тұрғындарына Павлодар өңірінен арнайы делегацияны бастап келген Шарбақты аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Г.Смаилханова және Галкина ауылдық округінің әкімі Д.Нурсеитов «Еңбек» бағдарламасы аясында еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру мақсатында халқы тығыз орналасқан өңірімізден Солтүстік өңірлерге халықты ерікті түрде көшіру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Насихат жұмыстарының нәтижесінде Арыс қаласынан 10 отбасы Солтүсікке көшуге ниет білдіріп отырғандықтарын жеткізді.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 16-17 қыркүйек күндері Ақдала, Дермене, Монтайтас, Байырқұм және Жиделі ауылдық округтерінде аталған «Ашық есік» күндері жалғасын табатын болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *