4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

Өмірзақ Шөкеев Түркия инвесторларымен кездесті

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев халықаралық «Dogus Group» инвестициялық тобының басшыларымен кездесті.  Облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткеніндей, білім сапасын арттыру, ауыл шаруашылығын дамытып, жоғары деңгейдегі қайта өңдеу ісінің жаңа өндірістік бағыттарын құру басты назарда екенін атап өтті.

Кездесуде тараптар инфрақұрылым мен химия өнеркәсібі салаларын дамытуға қатысты жобаларды талқылады. Облыс басшысы Түркістан өңірінде жүзеге асып жатқан ауқымды жобаларға тоқталды.

«Түркістан облысы жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін өте ыңғайлы инвестициялық алаң. Жем-шөп, сүт, ет фирмасын шығаратын инвесторларымыз бар. Біз сізге осы бағыттардың бірін ұсына аламыз. Сондай-ақ,  жылыжай салуға болады.  Ал, инфрақұрылым жобаларына келетін болсақ, жолдар, темір жолдар мен көпірлер салуға көзқарасымыз оң. Біз бұл жобаларды қуана қолдаймыз», – деді Өмірзақ Шөкеев.

Өз кезегінде түрік инвесторы Түркістан өңірі мен облыс орталығының экономикалық даму бағытын жоғары бағалап, бірқатар жобаларға қызығушылық танытты. Түркістан қаласында құрылған «Азық-түлік» белдеуін дамытуға атсалысуға ниетті екенін айтты.

Осыдан тура 70 жыл бұрын құрылған халықаралық түрік инвестициялық тобы танымал брендтермен бірлесе жұмыс істеп, Түркияны бүкіл әлемге танытқан.

Doğuş Group автомобиль өнеркәсібіндегі Volkswagen AG және TÜVSÜD құрамына кіреді, Hyatt International Ltd. Туризм саласында, азық – түлік және сусындар саласында атағы әлемге әйгілі компания. Сондай-ақ Оңтүстік Кореяның ірі әлемдік ойыншылармен серіктестік қарым-қатынаста жұмыс істейді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *