4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

Созақта жаңбырлатып суару технологиясы дамып келеді

Созақ ауданының шаруалары жаңбырлатып суғару әдісінің тиімділігіне көз жеткізді. Мәселен, «Болыс ата» шаруа қожалығының төрағасы Рысметов Шәріпжан 21 гектар жерде қарбыз, жоңышқа, жүгері егіп, өнімін Ресей еліне экспортқа шығарады. Еңбекқор шаруа жаңбырлатып суаруға арналған техниканы 9 млн. теңгеге салып алған. Құрылғы құнының тең жартысын мемлекет субсидиялайды.

«Құрылғыны шілде айында алдым. Қазіргі таңда жоңышқаны осы әдіс арқылы суғарып отырмын. Суды тиімді пайдаланып, мол өнім алуға болады», – дейді шаруа.

Ауданда мал азығы, азық-түлік белдеуін қалыптастырып, жаңбырлатып суғару әдісін ендіру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.

«Инновациялық технологиялар ғылыми-өндірістік орталығы» өткізген семинарда жаңбырталып суару әдісінің тиімділігі түсіндірілген. Соның нәтижесінде, бүгінде аудан шаруалары қызығушылық танытып, жаңа технологияны меңгеруде.

Жергілікті әкімдіктің ұйытқы болуымен, қазіргі таңда Шолаққорған, Құмкент елді мекендерінің бірнеше шаруа қожалықтары осы технологияны енгізбек.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *