4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

Студенттердің шәкіртақылары артты

Білім және ғылым министрілігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бакалавр бағдарламасы бойынша оқитындардың шәкіртақысы 20%-ға, ал магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%-ға ұлғайтылды.

Бакалаврда оқитын студенттердің шәкіртақысы 26 186 теңгеден 31 423 теңгеге дейін артты. Педагогикалық бағыт бойынша оқитын ЖОО студенттері бұрын 42 000 теңге алса, енді 50 400 теңге алатын болады. Біз Президенттің тапсырмасын орындап, болашақ дәрігерлердің стипендиясын едәуір арттырдық. Олар 26 186 теңгенің орнына 50 400 теңге алатын болады. Өткен жылдың қаңтар айында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шәкіртақы 25%-ға ұлғайтылды. Шын мәнінде, соңғы екі жылда бакалавриатта оқитын студенттердің стипендиясы шамамен 2 есе артты, – деді Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Сонымен қатар магистранттар, докторанттар мен интерндердің де шәкіртақылары артты. Егер бұрын магистранттар 66 913 теңге алса, енді олардың ай сайынғы стипендиясы 76 950 теңгені құрайды. Докторанттар стипендиясы 150 000 теңгеден 172 500 теңгеге дейін, интерндерде – 47 431 теңгеден 59 289 теңгеге дейін өскен.

Айта кетейік, биыл мұндай қолдау шаралары Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы шеңберінде жүзеге асырылып жатыр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *