4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Спорт

Қазақстан құрамасы Босния және Герцеговинамен тең тарқасты

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Босния және Герцеговина мен Қазақстан құрамасы кездесті.

Боснияның Зеница қаласында өткен ойын 2:2 есебімен тең аяқталды. Бірінші тайм толықтай алаң иелерінің басымдылығымен өтті. Команда капитаны Эдин Джеконың өзінде гол соғатын бірнеше мүмкіндік болды. Бірақ Игорь Шацкий қорғаған қақпадан саңылау таба алған жоқ.

Ал екінші таймды Қазақстан құрамасы шабуылмен бастады. Нәтижесінде бұрыштама сәтінде Исламбек Қуат гол соғып кетті. Бұл ойынның 52-минуты болатын. Бірақ 70-минутта Александр Марочкин айып алаңының ішінде ойын тәртібін бұзып, қақпамызға пенальти белгіленді. Оны Миралем Пьянич сәтті орындап, есепті теңестірді. Ал 86-минутта қосалқы құрамнан шыққан Лука Менало бұрыштамадан гол соқты. Бірақ Қазақстан футболшылары ойын соңына қарай есепті теңестірді. Бахтиер Зайнутдинов қосымша уақытта айып добынан гол соқты.

Осы ойыннан кейін Босния құрамасы 3 ұпай жинап, D тобында 4-орынға жайғасты. Қазақстан құрамасы да 3 ұпай жинап, соңғы орында тұр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *