Паралимпиада: Нұрлан Домбаев жартылай финалға шықты

Қазақстандық паратаэквондошы Нұрлан Домбаев Токиодағы Паралимпиада ойындарында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалда Нұрлан аргентиналық Хуан Самораномен кездесіп, 27:25 (15:11, 6: 5, 4: 9, 2: 0) есебімен жеңіске жетті. Осылайша, ол негізгі тордағы кездесуді жалғастырады, ал Саморано жұбаныш жекпе -жектеріне қатысады.

Айта кетейік, аталған ойындарда Домбаев еліміздің паралимпиадалық құрамасының туын көтеріп шыққан болатын.

Бүгін тағы бір қазақстандық таеквондошы Камиля Досмалова бірінші жекпе-жекте сербиялық қарсыласынан жеңіліп қалды, алайда жұбаныш раундының ширек финалына жолдама алды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *