4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

Жетісайда «JETISAI PLAZA» сауда-демалыс орталығы салынады

Жетісайда құны 8,5 млрд теңгені құрайтын «JETISAI PLAZA» сауда-демалыс орталығы салынбақ. Бұл жоба еліміздегі аудан орталықтарында ашылатын тұңғыш сауда-демалыс орталығы болмақ.

Француз архитекторы Марио Бартилланың қос қабаттан тұратын жобасы 25 200 шаршы метр аумаққа орналасатын болады. 1300-ге тарта азаматты тұрақты жұмыспен қамту көзделіп отыр. 1000 автотұрағы бар сауда-демалыс орталығының жанынан заманауи аквапарк пен 14 тұрғын үй, балаларға арналған ойын және спорт алаңшалары салынатын болады.

«Бұл жобаның жүзеге асуы біз үшін өте тиімді болмақ. Біріншіден, 1300-ге тарта тұрғын тұрақты жұмысқа орналасса, екіншіден кәсіпкерлеріміздің арасында бәсекеге қабілетті орта қалыптасады. Үшіншіден, жергілікті бюджетке қомақты салық түседі. Тұрғындардың бос уақыттарын көңілді өткізулеріне жағдай жасалады. Төленген салықтардың есебінен жолдарымызды жаңалап, ауыз суымызды жүргіземіз. Елдің игілігіне жұмсаймыз. Біз жаңашылдықтан, қоғам сұранысынан қалыс қалмауымыз керек» дейді Жетісай ауданы әкімі М.Қадырбек.

Құрылыс жұмыстарын бұған дейін еліміздің түкпір-түкпірінде 20-дан астам ірі сауда-демалыс орталықтарын салған «CITY DEVELOPMENT» ЖШС жүргізбек. Олар құрылыс жұмыстарын 2022 жылдың мамырында бастап, 8 айда ел игілігіне тапсырмақ.

Сауда-демалыс орталығында кинотеатр мен балаларға арналған ойын орталықтары, асханалар мен мейрамханалар, отандық және шетелдік тауар өндірушілерінің өнімдеріне арналған сауда нүктелері, күнделікті тұтыну және техникалық заттар дүкендері жұмыс жасайтын болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *