4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

Қосшы мектебінде 1 «ы» сыныбы ашылды

Ақмола облысындағы бұл мектепте төрт мыңға жуық бала білім алады.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім күнінде Қосшыдағы №2 орта мектепке барды.

Ақмола облысы білім басқармасының хабарлауынша, биыл №2 мектепте бірінші сыныпқа 700 оқушы қабылданды. Соған байланысты мектеп табалдырығын жаңадан аттаған балаларға арнап “Ы” сыныбына дейін ашылды.

Ал Қазақстан бойынша бірінші сыныпқа 394 мыңға жуық бала барды.

Ақмола облысындағы бұл мектепте төрт мыңға жуық бала білім алады. Алайда мектеп бір ауысымда 1 200 баланы оқытуға жобаланған. Жергілікті мұғалімдер 2019 жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдында Қосшы мектептеріндегі орын тапшылығы мәселесін көтерген болатын.

Айта кетейік, биыл Нұр-Сұлтаннан 20 шақырым жерде орналасқан Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қалаға айналды.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *