4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

Тәуелсіздікте жеткен жетістіктер талқыланған жиын өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында Тәуелсіздік жылдарында еліміздің және өңірдің жеткен жетістіктері мен барлық бағыттағы даму сатылары талқыланған дөңгелек үстел өтті.

«Тәуелсіз Қазақстан: Жасампаздыққа толы жылдар. Түркістан облысының басты жетістіктері» тақырыбында өткен жиынға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов және өңірдегі тарихшы, ғалымдар, саясаттанушылар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

«Биылғы жыл еліміз үшін ең елеулі оқиғалардың бірі – Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы. Кешегі ата-бабаларымыздың төккен тері мен қан майдандарда аққан қанының өтеуі – бүгінгі Тәуелсіздік. Қаншама қилы кезеңдерді басынан кешіп, ұрпаққа бейбіт күнді сый еткен бабаларымыздың аманатына адалдық таныту – біздің ең үлкен борышымыз. Қазақстан Тәуелсіздігінің тарихында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алар орны ерекше. Аса көрегенділікпен жүргізілген мемлекеттік саясаттың нәтижесінде біз төрткүл дүниемен терезесі тең, шекарасы айқын, еркін елге айналдық. Елбасы жарлығымен Түркістан облысының қайта құрылып, рухани шаһарға облыс орталығы мәртебесі берілуі – Тәуелсіздіктің айтарлық бір жемісі. Жарлықтың жарық көргеніне үш жылдан аса ғана уақыт өтсе де, Түркістан ажарлы қалаға айналып келе жатыр. Қала келбетіне көрік қосатын ғимараттардың алғашқылары пайдалануға беріліп, өз жұмысын бастады. Енді біздің алдымызда сол ғимараттарды ел игілігі жолында пайдаланып, артылған сенімді ақтау міндеті тұр» деді Сәкен Қалқаманов.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Хазретәлі Тұрсын осы жылдар ішіндегі өңірдегі кәсіпкерлік саласының дамып, жастарға жасалған қамқорлықтың артқанын, Түркістанды түлетудегі Елбасының орны айрықша екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, басқосудың басты тақырыбы жөнінде баяндама жасаған «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Бейсембаев, Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің «Рухани жаңғыру» ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Әдемау Толысбаева, Түркістан облыстық ассамблея жанындағы өзбек этно-мәдени бірлестігінің мүшесі, «Жанубий Козоғистан» газетінің бас редакторы Алишер Сатвалдиев, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Забираш Адилбековалар Тәуелсіздік жылдарындағы елдің жеткен жетістіктері мен этносаралық тұрақтылықтың сақталуы, инвестициялық өсім мен Түркістан облысын дамытудағы Елбасының еңбегі жөнінде ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *