4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

Шымкентте этноауыл аумағынан өрт шықты

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 26 тамызда сағат 00: 49 -да 101 шұғыл байланыс желісіне өрт туралы хабарлама келіп түсті. Құрылыс жүргізіліп жатқан қаладағы әл-Фараби ауданы Сапақ Датка көшесіндегі “Шымқала” этноауылының аумағы мекен-жайы бойынша шақыру болды. Өрт сөндірушілер шақырту орнына 7 минутта жетті. Оқиға орнында ауданы 80 шаршы метр болатын сарайдың қамысты шатыры өртеніп кеткені анықталды. Өрт 01: 10-да ауыздықталып, 01: 19-да толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда, – деп хабарлады Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті.

Оқиға орнына Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар қызметінің Өрт сөндіру қызметінің 25 қызметкері мен 5 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *