4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

Шымкентте 344 мұғалім заңсыз алып келген үстемеақыларын кері қайтарады

Шымкентте ұстаздар біліктілігін арттыру сертификатын сатып алған, деп хабарлайды aikyn.kz.

Яғни 344 мұғалім бұдан 2-3 жыл бұрын жалған құжат жасатып, үстеме ақы алып келген. Олардың көбі алған ақшасын сотқа дейін-ақ қайтарған.

Ал 23-і кінәсін мойындамаған. Алайда сотта анықтаманың жалған екені дәлелденді. Яғни олардың аты-жөні республикалық тестілеу орталығының деректер базасында тіркелмеген. Ал сертификатты сатқандардың ісі сотта «Алаяқтық» фактісі бойынша қаралып жатыр. Күдіктілер қатарында қалалық білім басқармасының қызметкері мен аттестаттау комиссиясының төрағасы бар.

Білім басқармасының талап қою арызы толық қанағаттандырылып, біліктілік санатын беру туралы куәліктері жарамсыз деп танылды. 23 жауапкерден 15 миллионға жуық ақша мемлекет пайдасына өндірілді. Төрт жауапкерге қатысты бөлігі талап қоюшының арызы бойынша қараусыз қалдырылды, – деді қалалық әл-Фараби аудандық сотының судьясы Нұрғали Исмаилов.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *