Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Қазақстан

Маңғыстауда алғаш рет жаңбыр жаудыру технологиясы қолданылады

24 августа, 2021
in Қазақстан
0
0
SHARES
16
VIEWS

Маңғыстау облысының кәсіпкерлері қуаңшылыққа қарсы арнайы технологияны қолданып көрмекші. Онымен жаңбырды жасанды жолмен жаудыруға болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бизнесмендер жаңа бастаманы қолдап отыр. Бірақ жаңбыр жаудыру технологиясын алдымен апробациядан өткізу керек.

«Біз проблемадан шығу үшін елге қажет әдістерді іздеп, климаттық технологияның бар екенін біліп, мамандарды Маңғыстауға шақырдық. Қазір қолдан жаңбыр жаудырудан басқа амал көріп отырған жоқпыз», – дейді кәсіпкерлер палатасына қарасты өңірлік кеңестің төрағасы Еділ Жаңбыршин.

Ал жаңа технологияны таныстырған Алтай Айнабек құрылғының қоршаған ортаға, адамдарға, жан-жануарға немесе ұшақтарға еш зияны жоқ деп отыр. Оны еуропалық De Nayer зертханасы да растады.

«Теріс иондарды атмосфераға жіберу арқылы ауада әртүрлі деңгейдегі ылғалдар жиналады. Ал Каспий теңізінің акваториясындағы буланған ылғалдарды Маңғыстау аудандарына жіберудің нәтижесінде бұлттар түзіледі де, керек жерде жаңбыр жаудыруға болады. Біз ұсынып отырған «Clear Sky Manager 5» және «Clear Sky Manager 7″ технологиялары Ресей, АҚШ, Жапония мен Еуропалық одақта патент алған», – дейді Айнабек.

Оның сөзіне қарағанда, жергілікті мамандар аудандарды аралап, құрылғыны қондыратын бес орынды анықтап береді. Әрбір құрылғы 200 шақырымдық радиуста жұмыс істейді.

«Жылдық жаңбыр мөлшері кем дегенде 30 процентке көбейеді. Нәтижесін бір ай ішінде көрсете аламыз», – деп атап өтті Айнабек.

Компания жаңбыр жаудыру технологиясының алғашқы сынағын өз қаржысына жүзеге асыратын болады.

«Біздің технологиямыздың бір жылдық қызметтік құны 5 миллион еуроны құрайды. Алайда детонациялық жұмыстар кезінде 1,3-2 миллион еуро аралығында жұмыс көрсетеміз, қалған 3-3,8 млн еуро демонстрация жобасы аясында бірлескен инвестиция арқылы жүзеге асады және қаржыны кестеге сай нәтиже көрсеткен соң аламыз», – деп атап өтті компания өкілі.

Кәсіпкерлер технологияны қолдануға қатысты кейбір шығындарды өтеуге келісті. Соның ішінде тасымалдау мен монтажға кететін қаржы бар.

Алдыңғы жаңалық

Талибан қайта билікке келді. Ауған әйелдері мен қыздарын не күтіп тұр?

Келесі жаңалық

Түркістан: қоғамдағы этносаралық тұрақтылықтың ерекшеліктері талқыланды

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ МЕН ҚХР КОМПАНИЯЛАРЫ АРАСЫНДА БІРҚАТАР СЕРІКТЕСТІК КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ
Аймақ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ МЕН ҚХР КОМПАНИЯЛАРЫ АРАСЫНДА БІРҚАТАР СЕРІКТЕСТІК КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

30 мая, 2025
ТҮРКІСТАННАН АҚМОЛАҒА: ЖӘРМЕҢКЕГЕ 200 ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ ТИЕЛГЕН КЕРУЕН ЖОЛҒА ШЫҚТЫ
Аймақ

ТҮРКІСТАННАН АҚМОЛАҒА: ЖӘРМЕҢКЕГЕ 200 ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ ТИЕЛГЕН КЕРУЕН ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

30 мая, 2025
ШАРДАРАДА: “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ҮЗДІКСІЗ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Басты жаңалықтар

ШАРДАРАДА: “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ҮЗДІКСІЗ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

10 мая, 2025
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы басталды Қасым-Жомарт Тоқаев:
Cаясат

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы басталды Қасым-Жомарт Тоқаев:

24 апреля, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық

Түркістан: қоғамдағы этносаралық тұрақтылықтың ерекшеліктері талқыланды

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

saqnews.kz
11 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz