4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

Түркістан облысында 600-ден астам мектепке бейнекамера орнатылады

Түркістан облысында 1 қыркүйекке дейін 400 мектепке бейнебақылау камерасы іске қосылады. Жыл соңына дейін мұндай құрылғы қосымша 227 мектепке орнатылады деп күтілуде. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақтық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Құдайберген Шербаев мәлімдеді.

«Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті аймақтағы 901 мектепке және аудандық, қалалық білім бөлімдеріне мониторинг жүргізді. Кешенді мониторингтің қорытындысы білім ұяларында жекелеген проблемалық мәселелердің бар екенін көрсетті. Мәселен, облыстағы 900 мектептің 800-ге жуық мектебінде медициналық кабинет бар. Алайда, оның 100-ден аса мектептегі медициналық кабинетке лицензия қосымшасы алынбаған. Сондай-ақ, 88 бастауыш және шағын жинақты бастауыш мектептерде медициналық кабинет жоқ», – деді Қ.Қайыпбекұлы.

Сонымен қатар, департамент мамандары бірқатар мектептерде химия, биология, физика кабинеттерімен жарақтандырылмағанын анықтаған. Одан бөлек, 200-ге жуық мектептегі бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының спорт зал мен спорт алаңдары жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларына сәйкес емес деп тапқан.

Құдайберген Қайыпбекұлы жаңа оқу жылында орын алатын жаңалықтарымен де бөлісті. Биылдан бастап 1-сынып оқушылары «Әліппе» оқулығымен сауат ашса, оқушыларға мектепке бірдей форма киіп бару міндеттелмейді. Мектеп киімі ыңғайлы іскерлі, классикалық стильде болса болғаны.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *