4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

Солтүстік өңірлерге көшсеңіз қандай көмек беріледі?

Азаматтардың еңбек күші артық өңірлерден Солтүстік Қазақстан облысына ерікті түрде қоныс аударуы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. Егер сіз солтүстіктегі өңірлерге қоныс аударсаңыз мынандай қолдауларға ие боласыз:

«Еңбек» бағдарламасы шеңберінде көшуге субсидия төлеу түрінде отбасының әрбір мүшесіне 1-ші сәуірден бастап 70 АЕК мөлшерінде 204190 теңгені құрады.

1 адам – 204 190 теңге;
2 адам – 408 380 теңге;
3 адам – 612 570 теңге;
4 адам – 816 760 теңге;
6 адам – 1 225 140 теңге;
7 адам – 1 429 330 теңге;
8 адам – 1 633 520 теңге;
9 адам – 1 837 710 теңге;
10 адам – 2 011 900 теңге.

Бұдан бөлек қоныс аударушыларға мынадай мүмкіндіктер беріледі:

Қызметтік тұрғын үй немесе еңбекші жастар үшін тиісті бағдарлама шеңберінде салынған (сатып алынған) жатақханалардан бөлмелер беру;
Қажет болған кезде техникалық және кәсіптік білім алу үшін оқытуға және қысқа мерзімді кәсіптік курстарға жіберу;
Жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.

Сонымен қатар бағдарламаға қатысушының (қоныс аударғандар) отбасына, оның ішінде жалғызбастыларына да 12 ай бойы ай сайын тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығындарды өтеуге мынадай мөлшерде материалдық көмек беріледі:

1) Қалалық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
– бір адам үшін 20 АЕК (58 340 теңге) мөлшерінде;
– отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса 25 АЕК (72 925 теңге) мөлшерінде;
– отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 30 АЕК (87 510 теңге) мөлшерінде төленеді;
2) ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
– бір адам үшін 15 АЕК (43 755 теңге) мөлшерінде;
– отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болған кезде 18 АЕК (52 506 теңге) мөлшерінде;
– отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 21 АЕК (61 257 теңге) мөлшерінде төленеді.
Солтүстікке көшу бойынша кеңес алу үшін тұрғылықты аудан немесе қалаңыздағы жұмыспен қамту орталықтарына бару керек. Мамандар көмектеседі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *