4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

Түркістан облысында балалар спорты қарқынды дамып келеді

Түркістан қаласында «Түркістан Арена» стадионында футболдан жасөспірімдер арасында жолдастық кездесу өтті. Кездесу «Тұран» футбол клубының 2007 жылғы туған жасөспірімдер командасы мен облыстық балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған футбол мектебінің 2007 жылғы туған командалар арасында болды.

Жолдастық кездесуге Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, бокстан олимпиада ойындарының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов арнайы қатысқан.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қазір спорт саласын реформалау жүріп жатыр. Соның ішінде балалар спортын дамытуға басымдық беріледі. Облысы əкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен өңірде бұқаралық және балалар спортын дамытуға күш салынып, балалар футболының өркендеуіне ерекше назар аударылған.

Кездесу барысында ел намысын әлемдік аренада қорғап жүрген С.Бибосынов жастарға ұлағатты сөзін арнады. Бүгінгі толқынның қарымы мықты екенін айтып, жастарға жігер берді. Токио олимпиадасының қола жүлдегері қоғамды алға жетелеуге ықпал ететін – салауатты өмір салтын ұстанып, ұлттық рухани құндылықтарды насихаттауға үндеді.

Айта кетерлігі, Түркістан облыстық футбол мектебінің 2007 жылғы шəкірттері 2020 жылы футболдан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанған. Ал, «Тұран» командасының 2007 жылғы жас ойыншылары да биылдан бастап еліміздің футбол академиялары мен жасөспірімдер арасында өтетін ел чемпионатына қатысып, облыс намысын қорғайды.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *