УЕФА жылдың ең үздік ойыншысы, бапкері және әйел футболшысы атағына үміткер үштіктерді атады, деп жазады ұйымның сайты.
Үздік ер футболшы атағына үміткер үштікке Кевин де Брюйне («Манчестер Сити»), Нголо Канте («Челси») һәм Жоржиньо («Челси») енді.
Жылдың ең үздік бапкері атағына Пеп Гваридола («Манчестер Сити»), Томас Тухель («Челси») және Роберто Манчини (Италия құрамасы) таласады.
Ал ең үздік әйел ойыншы атағын Дженнифер Эрмосо, Лике Мартенс и және Алексия Путельяс (барлығы – «Барселона») сарапқа салады.
Айта кетерлігі, Криштиану Роналду мен Лионель Месси үздік үштікке енбеді.
«Үздік ойыншы» жеңімпазы 26 тамызда Стамбулда, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жеребе тарту рәсімінде анықталады.