4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

«960 000 теңге төлейміз». Алаяқтар алдаудың жаңа түріне көшті

Елімізде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды. Бұл жолы қаскөйлер өзін “Nur Otan” партиясының қызметкерлері ретінде таныстырып, 960 000 теңге көлемінде төлем рәсімдеуді ұсынуда деп хабарлайды Stopfake.kz.

Төтенше жағдай кезінде мемлекеттен 42500 теңге алғандар ірі төлем алуға үміткер бола алады. Миллион теңгеге жуық жәрдемақыны «рәсімдеу» үшін алаяқтар абоненттерден 1414 қысқа нөмірінен келген СМС-хабарламаларға жіберілген кодты айтуды сұрайды.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бұл нөмірден әлеуметтік төлемдерді алу үшін қандай да бір ақпаратты тарату туралы хабарламаны жоққа шығарды.

“Құрметті пайдаланушылар, “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ әлеуметтік төлемдерді алу үшін 1414 нөмірінен хабарлама жіберілмейтінін мәлімдейді. Сонымен қатар, алаяқтарға ешқандай ақпарат бермеуді және 1414-тен келген кодтарды үшінші тұлғаларға хабарламауды сұраймыз”, – дейді “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ баспасөз қызметі.

Алаяқтардың мұндай әрекеттері әлеуметтік инженерия деп аталады. Бұл адамның психологиясын ескере отырып, жеке деректерін заңсыз иемдену тәсілі. Мысалы, олар телефоннан өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, абоненттен ақша салымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құпия деректерді айтуды талап етеді.

Мұндай алаяқтықтан қалай қорғану керектігін KZ-cert Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің ресми сайтынан білуге болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *