Төлеби ауданында биыл жалпы ұзындығы 78,3 шақырым құрайтын 50 көше орташа жөндеуден өтеді. Қазіргі таңда 31 көшеге тиісті жұмыстар жүруде. Жыл соңына дейін жөндеу жұмыстары толық аяқталмақ.
Бүгінгі күні Момынай елді мекеніндегі 1,2 шақырымды құрайтын Бұлақты көшесін орта жөндеуден «Бірлік» ЖШС өткізуде. Ал, Жаңаұйым елді мекеніндегі Әулиетас көшесінің 1,5 шақырымын «АНК-Даму» ЖШС асфальттаған.
Сондай-ақ, Алатау ауылдық округі Біркөлік елді мекеніндегі Қазақстан көшесінің 1,2 шақырымына, Қайнар елді мекенінің Самал көшесінің 1,2 шақырымына, Д.Қонаев көшесінің 1,1 шақырымына асфальт төселуде.
Жолдардың құрылысы Қоғалы ауылдық округіндегі Диханкөл елді мекенінің Теріскей көшесінің 1,4 шақырымында, Тасарық ауылдық округінің Оңтүстік елді мекені Нұрлы көшесінің 1,3 шақырымында жүргізілді.