4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

Жамбыл облысында темір жол көпірін су шайды. Пойыздар тоқтады

Жамбыл облысы Меркі ауданында қар аралас жаңбыр жауды. Жауын-шашыннан жиналған су Аспара-Шу аралығындағы теміржол көпірі мен жергілікті жолды шайып кетті. Алты жолаушы пойызының қозғалысына кедергі келді, деп жазады sputnik.kz.

“Су өткізетін жасанды құрылыс толықтай жұмыс істеп тұрды. Алайда су көп болғандықтан, теміржол көпірінің негізін шайып кетті. Қазіргі уақытта жүк және жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр, “, – деп хабарлады “Қазақстан темір жолының” баспасөз қызметі.

Табиғаттың тосын мінезінен №712 Шымкент-Нұр-Сұлтан Нұрлы жол;

№78 Маңғыстау – Алматы-2;

№42 Атырау – Алматы-2;

№23 Алматы-1 – Ақтөбе;

№29 Алматы -2 – Атырау;

№33 “Алматы-2 – Ақтөбе” бағытындағы пойыздар кестесінен кешігуде.

Толық ақпарат алу үшін вокзалдардың анықтама бюросына немесе 105 бірыңғай анықтама қызметіне хабарласуға болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *