4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

Түркістан облысында бала қауіпсіздігі басты назарда

Түркістан облысындағы мектептер толықтай бейнебақылау жүйелерімен, дабыл батырмаларымен, мамандандырылған күзетпен қамтамасыз етілуде,- деп хабарлайды TurkistanZaman ақпараттық порталы.

Атап айтсақ, облыста мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 900 мемлекеттік мектеп толығымен бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілді. Бүгінде полиция департаментімен мектептегі бейне камераларды интеграциялау жұмыстары бойынша Жол картасы түзіліп, 1 қыркүйекке дейін 400 мектептің бейне камерасы қосылады. Қалған 227-і жыл соңына дейін іске асырылады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, мамандандырылған күзет пен «дабыл батырмалары» да назардан тыс қалмады. Мектептердегі балалардың қауіпсіздігі мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келе жатыр.

Былтырғы жылдың басынан бері мектептерді ішкі әжетханалармен қамтамасыз ету үшін 756 мектеп назарға алынып отыр. Өткен жылдың өзінде 679 мектептің ішкі әжетханасы қалпына келтірілсе, биылғы жылы 20 мектептің ішкі әжетханасы реттеледі. Қалған 57 мектептің мәселесі 1 қыркүйекке дейін толығымен шешімін табады.

Өңірдегі жылу маусымына дайындық та қызу жүргізілуде. Білім беру мекемелеріне қажетті 107 мың тонна қатты отын (көмір) және 3,5 мың тонна сұйық отынмен (диз.топливо) қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Тасымалдау жұмыстары 40%-ға орындалып, келісім-шартқа сәйкес жүретін болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *