4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

Түркістан облысында вакцина салдыру бекеттері көбейді

Түркістанда жыл басынан бері вакцина салу бекеттерінің саны артқан. Нақтырақ, тек тамыз айының ішінде 128-ден 141-ге дейін жетті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Түркістан облысы вакциналау бойынша елімізде 2-орында тұр. Өңірге вакцинаның 690 мыңға жуық дозасы жеткізілген. І компонентін 660 мыңдай адам немесе 95%, ІІ компонентін – 444 545 адам немесе 77% салдырған.

Сондай-ақ облыс аумағында инфекциялық төсек-орын санын 6 мыңға дейін жеткізуге мүмкіндік бар.

Соңғы тәулікте Түркістан облысында коронавирус инфекциясының 116 жағдайы тіркелген. Тәуліктік өсім 1.06% құрайды. Індет басталғалы коронавирустың 11 мың жағдайы анықталды. Оның жартысынан астамы, яғни 6250-де сипмтомсыз өткен. Жалпы қауіпті вирус жұқтырғандардың дені 20-49 жастағылар.

Айта кетейік, облыстағы мекемелерде 8 оттегі станциясы, 400 ӨЖЖ аппараты, мыңнан аса оттегі аппараты бар. Сондай-ақ 2 айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған, 40-тан астам дәрі қоймасы мен 800-дей дәріхана бар, – делінген әкімдіктің хабарламасында.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *