4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

Биыл Түркістан облысында облыстық маңызы бар көпірлер жөнделеді

Түркістан облысының аумағындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында жалпы 408 көпір орналасқан. Жыл сайын тозығы жеткен және жарамсыз көпірлер кезең-кезеңімен орташа және күрделі жөндеулерден өткізілуде.

Қазіргі таңда, жөндеуді қажет ететін 6 көпірге жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.

Жыл басынан бері Отырар, Бәйдібек, Түлкібас аудандарында орналасқан 3 көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде Түлкібас, Бәйдібек аудандарындағы көпірлердің құрылысы мерзімінен бұрын биыл шілде айында толығымен аяқталып, халық игілігі үшін пайдалануға берілді.

Ал, Отырар ауданының «Отырар-Темір» станциясы бағытындағы жолдың бойындағы көпір биыл қыркүйек айында пайдалануға берілмек. Жөндеу жұмыстарының сапасы тапсырыс беруші, техникалық, авторлық қадағалаушы және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Түркістан облысы филиалының мамандары тарапынан тұрақты бақылауда болды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *