4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

Солтүстік Қазақстанда белгісіз аурудан мал қырылып жатыр

 

Мамандар ірі қара қарасан ауруына шалдығуы мүмкін деп болжам жасады, деп хабарлайды ЭК.

Белгісіз індеттен әсіресе, Уәлиханов ауданына қарасты Мортық ауылының тұрғындары зардап шегіп отыр. Айтуларынша, қазірдің өзінде аурудан оннан астам ірі қара өлген. Арасында 3-4 айлық бұзаулар мен тайыншалар бар.

Ауру жұқтырған малдың алдымен артқы аяғы ақсап, кейіннен денесінде ісік пайда болады. Ал, кейбірінің іші кеуіп, бір тәулікке жетпей сеспей қататын көрінеді. Тұрғындар өлекселерді өртеуге көшкен. Өйткені адамға жұға ма деп қауіптенеді.

Ал, облыстың ветеринария мамандары әзірге мал неден қырылып жатқанын анықтай алмай отыр. СҚО ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Қайырлы Қазановтың айтуынша, ірі қара қарасан ауруына шалдыққан болуы мүмкін.

– Мал дәрігерлері тексеріс жүргізіп жатыр. Әзірге малдың неден өліп жатқаны белгісіз. Өйткені, өлекселерден 2-3 сағаттың ішінде паталогиялық талдау алынбаған. Қазір ірі қара өртелген аумақ толық залалсыздандырылды, – деді Қайырлы Қазанов.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *