Нұр-Сұлтан қалалық полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, төбелес 6 тамыз күні Қалдаяқов көшесіндегі құрылыс алаңында болған. Құрылысшылар арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан, — деді Нұр-Сұлтан ПД өкілі.
Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық қатысушысы анықталып, тергеу үшін полиция бөліміне жеткізілгенін хабарлады. Оқиға болған сәтте 102 нөмірі бойынша шақырту түспеген.
Аталған жәйт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
https://www.instagram.com/p/CSa2BY2KCJ_