4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

Арыстық депутат 40 оттегі баллонын алып берді

Түркістан облысы, Арыс қаласында «Nur Otan» партиясы атынан сайланған қалалық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшесі Ахметов Қайрат Төрегелдіұлы Арыс халқына көмек көрсетуде. Ол бұған дейін «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» акциясы аясында қайырымдылық шараларға ұдайы үлес қосып келеді. Қайырымды азамат игі істі жалғастырды. Дәлірек айтсақ, Қ.Ахметов өз есебінен 40 дана оттегі баллонын сатып алып, Арыстағы орталық ауруханаға табыстады.

«Nur Otan» партиясы Арыс қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Ділдәбеков, Арыс аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері А.Наркабулов және қалалық мәслихат депутаты, орталық аурухананың хирург дәрігері Н.Мауленов осындай қиын кезеңде қамқорлық танытып, ел игілігі үшін қызмет етіп жатқан Қ.Ахметовке алғыстарын білдірді.

Халық қалаулысы оттегі тапшылығын болдырмау және оның алдын алу мақсатында тағы 20 дана кислород баллонына тапсырыс беріп, науқас жандарға қолдау көрсетпек ниетте екендігін жеткізді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *